6505 әскери бөлімінде ашық есік күні өткізілді

Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қарағанды қаласында орналасқан 6505 әскери бөлімінде  отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметкерлердің ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді. Аталмыш іс-шараған отан қорғаушылардың ата-аналары келіп, әскери өмірдің бір күнінің қалай өтетінің көре алды.

Іс-шара барысында ата-аналар ең алдымен сарбаздар жататын казармаларды аралап ғана қоймай, асханаларға барып сарбаздардың күнделікті ас мәзірімен танысты. Сонымен-қатар, ата-аналарға қару жарақ түрлері, арнайы дайындалған қойылымдар көрсетілді. Іс-шара соныңда ата-аналар мерекелік концертті тамашалап, әскери бөлім командирінің өз сауалдарын қойып, сарбаздарды бір күндік демалысқа алып кетті.

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *