Қазыналы Қарағайлының қара шаңырағына – 60 жыл

Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің қара шаңырағы саналатын «Рысбала Молдақашева атындағы №17 ЖББ мектебі» КММ-не 60 жыл толып отыр. Айтулы мерейтой ұстаздардың кәсіби мерекесімен тұспа-тұс тойланды. Алыс-жақындағы ардагер ұстаздар мен танымал түлектер мектеп мерейтойына арнайы келді.

Кеш келген қонақтарымызды қарсы алып, 20 жылдық тарихы бар мектеп мұражайын аралаудан басталды. Мектеп асханасында ұйымдастырылған «Кофе брейк» ұстаздар мен түлектердің емен-жарқын әңгімелесуіне жағдай жасағандай болды.

Әр қабатта бірлестік мүшелері дайындаған ойындар да «Жарқын жүздесу» атты кешіміздің сәнін келтірді. «Көңіл күйді көтеру»тақырыбында ізгі тілек қобдишасынан басталған көңілді кездесу 1-қабатта «Көңілді сыйлық», «Мергендікті ұштау» ойыны өткізілсе, 2-қабатта «Кім жылдам?», «Bookking» ойыны, 3-қабатта «Көңілді шарлар ойындары ерекше атмосфера сыйлады әрі әр кабинетті аралап шығуға мүмкіндік берді. Биылғы оқу жылында келген физика, химия, биология кабинеттері қонақтар көңілінен шықты.

3-қабаттан түскен қонақтарымызды кішкентай биші қыздарымыз акт залына қошаметпен кіргізді. Келген әр ардагер ұстаздың есімі ерекше ілтипатпен аталды. «Жарқын жүздесу» атты кешімізді мектебіміздің педагог-психологі Мейрамгуль Алпанқызы  Алпанова «Музыка терапеясы» атты тренингпен ашты. Музыка ырғағымен бой сергітіп, болашаққа деген ұшақтарын жасап, кері байланыс берді.

Кеш шымылдығын аудандық білім бөлімінің басшысы Абылай Армияұлы  Жалелов ашып, Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен мектебіміздегі педагог-зерттеушілері: география пән мұғалімі Кәріп Сәуле Мақсұтқызын, бастауыш сынып мұғалімі Әбілханова Шайза Шәріпбайқызын, математика пән мұғалімі Омарқұлова Жанар Ескендірқызын, тарих пән мұғалімі Сәбитова Асель Болатқызын, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Акуажанова Саягүл Қайноллақызы мен Түсіп Батима Мақсұтқызын және Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен технология пән мұғалімі Беспаева Күлжан Кабдуқызын, математика пән мұғалімі Омарқүлова Жанар Ескендірқызы  мен тарих пән мұғалімі Ыбышева Құралайды, психолог Несіпова Мейрамгүл Алпанқызын марапаттады.

Аудан әкімінің Құрмет грамотасын тарих пән мұғалімі Ыбышева Құралай Сапанқызына, қазақ тілі пән мұғалімі Акуажанова Саягүлге, Аудан әкімінің Алғыс хатын ағылшын тілі пән мұғалімі Агадилова Әсемгуль Серікқызына табыстады.

Директор Саягүл Қайноллақызы  мектебіміздің өткені мен бүгінгі жайы туралы кең көлемде баяндама жасап, Аудандық білім бөлімінің Мадақтамасын кітапханашы Топаева Гүлсара Жақанқызына, Даярлық тобының жетекшісі Ксатаева Айгүл  Хайдарқызына, іс жүргізуші Мұзбалақова Гауһар Мұратқызына, информатика пән мұғалімі Акмолдина Назым Мейрханқызына табыс етті.

Аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының басшысы Секербайұлы Азамат география пән мұғалімі Түсіпова Майраш Максұтқызын, физика пән мұғалімі Сәттібекова Айжан Аманқұлқызын,әлеуметтік педагог Сапарғали Әлия Маратқызын,  информатика пән мұғалімі Әубакірова Дана Амангелдіқызын Құрмет грамотамен марапаттады.

Мектебіміздің түлегі, ақын, журналист Руслан Нұрбай кеш көрігін қыздырып, «Төрлетіңіз!» атты блиц сұхбатты жүргізді.

Аудан әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сәулеханұлы арнайы келіп, құттықтап, ағымдағы жөндеу жұмыстары жайлы сөз қозғады.

Мектебіміздің түлегі, Рысбала Молдақашеваның аналық тәлімін алған баласы,  Орталық Қазақстан академиясының ректоры, ҚР ЗҒА академигі, профессор, Қарағанды облысының Құрметті азаматы, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Жүнісов Бақтыбай Жолжақсыұлы арнайы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, акт залына лед экранды сыйға тартты.

Саналы ғұмырының 37 жылын осы мектепке арнаған, химия пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісінің орынбасары, оқу-тәрбие ісінің орынбасарынан мектеп директор болып, зейнеткерлікке шыққан, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті Қызметкері төсбелгісінің иесі Хасенова Қарлығаш Хасенқызы  құттықтау сөз сөйлеп, мектеп тарихы, еңбек еткен ұстаздардың, қазіргі ұстаздар мен түлектердің өмірі мен шығармашылығы жайлы «ҚҰРМЕТ КІТАБЫНЫҢ» тұсаукесерімен танысырып, кітаптың жақын арада баспа бетінен шығатыны жайлы қуанышты жаңалықпен бөлісті.

Ардагер ұстаздарымыз бен танымал түлектеріміз өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін білдірді. Кешімізді әнмен әрлеген оқушыларымыз: Ербол Дайана, Оразбек Еркеназ, Оразбек Гүлназым мен дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін жатқа оқыған Қазыбек Айбар және «Ерке» би тобының,Алматы қаласы Республикалық көпжанрлы «Mega Show» өнер байқауында Латиноамерикалық би бойынша лауреат І дәрежелі дипломмен марапатталған мектебіміздің «Нұр шашу» би үйірмесінің (жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Агадилова Әсемгүл Серікқызы) оқушыларына алғысымыз шексіз.

Батима Мақсұтқызы ТҮСІП,

«Рысбала Молдақашева атындағы

№17 ЖББМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет

пән мұғалімі.

Қарқаралы ауданы,

Қарағайлы кенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *