Рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды

Абай ауданында рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгушілермен күрес жалғасуда. Космомониторингтің арқасында қалдықтарды рұқсат етілмеген жерге төккен 68 орын анықталды. Бүгінгі таңда алты полигон қалып отыр, алдағы уақытта олар да жойылады.

Апта сайын «Таза Қазақстан» акциясына Абай ауданында 80-нен астам ұжым қатысады. Тазалық шараларына 22 арнайы техниканың тартылды. ҚТҚ полигондарына 4,5 мың тоннадан астам қалдықтар шығарылды.

«Акция басталғаннан бері ауданы 89 637 шаршы метр саябақтар мен гүлзарлар тазартылды, 15 тарихи-мәдени ескерткіш жөнделді. 6514 ағаш және 77 бұта егіліп, жалпы аумағы 12 190 шаршы метр болатын 25 су нысаны тазаланды», – деп хабарлады Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Халықтың қалдықтарды жинауына қолайлы жағдайлар жасаоуда. Абай мен Топарда 21 контейнер алаңы, 604 контейнер орнатылды.

Экологиялық жағдайды жақсарту үшін ауданда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта мердігер терең қазаншұңқыр әзірлейді, топырақты тығыздайды, су желілерін салады, қоршау орнатумен айналысады.

Абаттандыру ережелерінің сақталуын полицейлер жалғастыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *