Тіл. Білім. Мәдениет.

Тіл – халықтың  қарым-қатынасының басты құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадір Мырза атамыздың сөзінде айтылғандай, тілсіз халық түгілі, жеке адамзаттың өзі де өмір сүре алмайды.  Орталық Қазақстан академиясында тіл, білім, мәдениетті толғандырған III Халықаралық ғылыми –теоретикалық конференция өз мәресіне жетті.

Бұл конференцияға оқытушылар мен студенттер қатысып, білімдерін ортаға салды. Шет тілі филологиясы және аударма факультетінің деканының міндетін атқарушы А.Қаңтарбаев конференция мазмұнына тоқтала өтті.

– Конференцияға қатысу үшін 103 адам өз тілегін білдірді. Халықаралық болғаннан кейін бірнеше шетелдік оқытушы, студенттер де онлайн қосылды. Сонымен қатар, Н.Гоголь атындағы кітапханасындағы Америка бұрышының өкілі  John Marushuk, Қарағанды Медицина институтының, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттері арнайы келіп қатысып отыр, – деді ол.

Конференцияға педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ ІІМ Санкт-Петрбург университетінің шет тілдер кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Л.А.  Муслова , Ресей-Армян университетінің аға оқытушысы,  доцент А.С Акопян. Орталық Қазақстан академиясының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры О.В.Шахновская конференция жұмысына сәттілік тіледі.

– III Халықаралық ғылыми – теоретикалық конференция бұл студенттерге ғана емес оқытушыларға да керекті алаң. Орталық Қазақстан академиясының ректоры Бақтыбай Жолжақсыұлы мен  осы білім ордасына толағай табыс тілеймін. Алдағы уақытта да осындай басқосуларда бірге болайық, – деді А.С Акопян.

Конференцияға оқытушы В.В. Позднякова хатшылық жасаса, Орталық Қазақстан академиясының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры О.В. Шахновская, Орталық Қазақстан академиясы ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі В.Ю. Куликов,

Ағылшын тілінің теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі Т.А. Кузнецова, Шетел филологиясы және аударма ісі факультетінің деканы В.В.Позднякова үйымдастыру комиссиясының мүшесі болды.

Конференция барысында  «Білімдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері» деген тақырыпта  философия ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік құрылыс универститетінң профессоры,  ұлттық зерттеулерінің әлеуметтік, гуманитарлық және технологиялар кафедрасының профессоры С.Д. Мезенцев пен  Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты, Орталық Қазақстан академиясының  Жеке құқық кафедрасының оқытушысы  Е.Ж.Әубәкіров  баяндама жасап, «Қазіргі әлемде экологиялық мәдениеттің маңыздылығы артып келеді. Ол табиғатты құрметтеуге, табиғи ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануға негізделген жаңа дүниетанымды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Дегенмен, экологиялық мәдениеттің дамуы әлі қалыптасу сатысында және осы жолда алдымызда, әсіресе, білім беру саласында бірқатар мәселелер туындауда. Экологиялық білім беруде физика, химия, биология сияқты жаратылыстану пәндерінің оқу бағдарламаларына экологиялық тақырыптарды енгізуді көздейтін кешенді тәсілді енгізу қажет» дегенді айтып өтті.

Араб тілінің әлемдегі рөліне тоқтаған  Ресей-Армян (Славян) университетінің Шығыстану институтының «Арабтану» бағытының 2 курс студенті Л.А.Сагоян: «Дүниежүзіндегі ең ықпалды тілдердің бірі осы араб тілі. Сондықтан қазіргі жастар осы тілді үйренуде» дегенді сөз қылды.

Ал осы тақырыпты ары қарай дамытқан М.Э. Агасарян араб тілі мен армян тілдерінің ұқсастығына тоқталды.

Психология магистрі, Орталық Қазақстан академиясы психология кафедрасының аға оқытушысы Н.В. Андреева жоғары оқу орындарында практикалық психологтарды дайындау мәселелеріне дең қойды.

Педагогика ғылымдарының магистрі, Орталық Қазақстан Академиясының аға оқытушысы Қ. Сәтбек «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» тақырыбында ой қозғады.

III Халықаралық ғылыми –теоретикалық конференцияға қатысушылар Орталық Қазақстан академиясы ұжымына жоғары деңгейде өткен конференциясы үшін алғыстарын білдірді. Конференцияда өз жұмысын қорғаған оқытушылар мен студенттер арнайы дипломмен марапатталды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

Суретті түсірген: Олег БИТНЕР

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *