Рейхстагқа ту тіккен тұлға

Ерлік ұмытылмайды. Республика күні қарсанында Жеңістің 80 жылдығына және Халық қаһарманы, Берлиндегі Рейстагқа жеңіс туын тіккен батыр Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай  «Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңдегі заң мен тәртіп» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға қоғам қайраткерлері, соғыс ардагерлері, ғылыми қызметкерлер, жас ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы, батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Сол соғыста 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. Ішкі әскер мен НКВД әскерінң жеке құрамының 159 мың азаматы ерлкпен қаза тапты. Балалар үйінде тәрбиеленген Рақымжан Қошқарбаев 20 жасында соғысқа аттанды.  Рақымжан атамызға Халық Қахарманы атағы 2001 жылы ғана берілді. Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі зор. Осы конференцияға қатысып отырған тарихшыларға, ардагерлер мен тыңдаушыларға ризашылығымды білдіремін, деді Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Аскенұлы Адилов.

Конференция барысында  «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Қомарұлы Алтынбеков жас жеткіншектерге: «Жау тұтқиылдан шабуыл жасағанда «Отан үшін отқа түс күймейсін»  деп ата-бабаларымыз қолына мылтық алып, соғысқа аттанды. Жерді, елді қорғады. Оны біз ұмытпауымыз керек. Өзің құрметтеген азамат, отбасын құрметтейді, отаның құрметтейді», – деп оларды елің сүйген патриот болуға шақырды.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Төкенқызы да конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі. «Басты мерекеміз Республика күні еліміздің ұлт болып қалыптасуымыздың басты символы. Бүгін біз Рейхстагқа ту тіккен жалғыз қазақ Рақымжан Қошбарбаевты еске алып отырмыз. Ол кісінің ерлігі ел есінде!», – деді ол.

Ауған соғысының ардагері, запастағы полковник Амангелді Жантасов болса баяндамасында атақты «Қара майор» туралы сөз қозғады.  Борис Керімбаевтың арғы атасы да жауды жеңген батыр болғанын еске салып өтті. Сонымен қатар, қазақтың бойындағы қасиеттерге тоқталды.

«Таулы Қарабақ-Лачин дәлізінде» әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер» өңірлік қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР ІІМ ардагері, әскери қақтығыстарға қатысқан ардагер, отставкадағы полиция полковнигі Омаров Нұрлыбек Меңілбекұлы, мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам қайраткері Абдрахманова Майра Төлеубекқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қарсыбаева Жұлдыз Алпысовна баяндама жасап, жастарға сенім білдірді.

Конференция барысында онлайн түрде Қырғызстан, Ресей елдерімен қатар еліміздің басқа да облысы атынан ғалымдар, тарихшылар қатысып «Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңдегі заң мен тәртіп» туралы баяндама жасады.

Конференция соңы академия өнерпаздары мен «Жас сарбаздар» хорының концертіне ұласты.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *