Ауылдастары Сырымды еске алды

Қапыда келген ажал арамыздан тоғыз жыл бұрын Сырым Шамшырақұлын мәңгілікке алып кетті. Ұмытылмас  ұлын туыстары, ауылдастары, жастар және сыныптастары жыл сайын волейболдан еске алу турнирін өткізуді дәстүрге айналдырды.

Сырым Шет ауданына қарасты Үңірек ауылында 1993 жылы 9 қарашада дүниеге келген болатын. Дәл осы күні  ұйымдастырылған жарысқа қатысушылардың  қарасы қалың.

Шет ауданы бойынша бірнеше ауылдан спортсүйер жастар жиналды.

Командалардың көптігінен волейболдан турнир үш жерде, яғни  Жарық мектебінің спортзалында, Жарық спорт мектебінің залында және Үңірек ауылы мектебінің спорт залында  өткенін айта кеткен абзал.

Жарысқа қатысқан жастар өздерінің дайындықпен келгендерін паш етті.

Тартысты да тартымды болған жарыста арамыздан жас кеткен Сырым жайлы естеліктер айтылды.

Сыныптасы Жанұзақ Нариман бірге жүрген күндерін еске алса, ауыл ақсақалы Қайырқұл Ыдырысов жиналған ауыл азаматтары мен қонақтарға жарыс барысында бата берді.

Ойын болғаннан кейін жеңімпаздар болуы шарт.

Дүбірлі өткен доданың бас жүлдесін Өспен командасы  қанжығаға байласа, ІІ орынды  Жарық командасы еншіледі. Ал ІІІорын Талды командасына бұйырды.

Жарыс соңында Сырымның әкесі Шамшырақ Матайұлы ұлына деген құрметі үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Жарыс жеңімпаздары ақшалай марапатталды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *