Үшінші орындамыз

Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қатысқан 17 команданың ішінен Қарағанды облысының құрамасы үшінші болды.

Қарағанды қысқы спорт мектебінің тәрбиеленушілері үшін мұндай нәтиже – жетістік. Біздің конькимен жүгірушілерде жаттығуға ыңғайлы база жоқ. Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл мәселені шешуге тырысады.

– Бірақ біздің жаттықтырушылар Нина Гернен мен Дмитрий Лазарев – өз ісінің нағыз кәсіпқойлары. Олардың тәрбиеленушілері қандай жағдай болмасын, осындай тамаша нәтижелер көрсетуде, – дейді қысқы спорт түрлері мектебінің басшысы Гүлнар Әліқұлова.

Қарағандылықтар жалпы командалық есепте ғана емес, жеке есепте де медаль жеңіп алды. Александр Берг бірден үш қашықтықта Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ тағы да күміс медаль жеңіп алды. Павел Манаков екінші орын алды. Ерасыл Бақтиярұлы қола жүлде иегері атанды.

Дамир РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *