ҚР Тәуелсіздік күніне орай «ҚТЖ» ҰК» «Қарағанды магистральды желі бөлімшесі» филиалының ұйымдастырумен «Тәуелсіз Қазақстан – жастар көзімен» атты мерекелік шара өтті.
Аталған филиал директорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Танабаев құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілегін білдірді.
Ал Қарағанды облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының инспекторы Ерболат Қуатбек тарихи оқиғаларға тоқталып, айшықты мерекенің өзектілігін тілге тиек етті.
Шара соңында өлең оқып, ән шырқаған теміржолшылар жүлделі орынға ие болып, бағалы сыйлықтар алды.
Өз тілшімізден