Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Қарағанды облысының күштік құрылымдары арасында волейболдан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінен орай сайыс өткізілген болатын. Аталмыш сайысқа Қарағанды облысына қарасты күштік құрылымдардан құралған 10 команда қатысты. Тартысқа толы сайыс барысында, күштік құрылымдар өз шеберліктерін көрсетіп, керемет ойын өрнегін көрермендерге жеткізді. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Қарағанды облысының полиция департаменті иеленсе, екінші орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығынан келген команда қанжығасына байлады, ал үшінші орынды төтенше жағдай департаментінің командасы иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командаларға мадақматалар, кубоктер мен медальдар табысталды.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі