«Баршаға қолжетімді әлем»

Жуырда Шет ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ақадыр кентіндегі «Нұршуақ» бөбекжайында инклюзивті білім беру бағыты бойынша «Баршаға қолжетімді әлем» (ерекше білім беруді қажет  ететін балалармен оқу-тәрбие процесінде педагогтердің тиімді  іс-тәжірибелері) тақырыбында аудандық семинар-практикум  өтті.

Семинардың мақсаты: педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, ерекше балалармен табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылды.. Іс-шараға ауданға қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан барлығы 31 педагог қатысты.

Шара балабақшаның  кішкентай  тәрбиеленушілерінің орындауындағы «Көңіл ашар»  оркестрімен   ашылды.

Семинардың ашылу салтанатында алғашқы  сөзді  Шет  ауданының  білім бөлімінің  басшысы Әбенова Р.Б. және мектепке дейінгі ұйым әдіскері Мусуркепова А.К. алды.

Бөбекжай директоры Махмудова С.И. жиынға қатысушыларға «Ерекше білімді  қажет  ететін  балаларға – ерекше қадам»  атты интерактивті  лекциясын ұсынды

Әдіскер Бектурсунова С.Е. қатысушыларға арнайы ресми құжаттарды пысықтап алу үшін         «Іскерлік ойынымен» жалғастырды. Бөбекжайдың психологі Шортанбаева Ж.Н. «Көңіл  күй, біздің жан дүниеміздің  айнасы»  тренингін  өткізді. Логопед Шакенова С.Б. «Тіл дамуында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін ынталандырудың тиімді әдістері» тәжірибелік кейсімен бөлісті. Ал дефектолог Алтынбаева М.З.  «Ерекше балалармен жұмыс барысында сенсорлық интеграция  элементтерін заманауи әдістермен ұштастыру»  атты  шебер-сынып  өткізді.

Сонымен қатар денешынықтыру нұсқаушысы мен тәрбиеші Нуркадирова К.М. «Біртұтас тәрбие» жобасы аясындағы ұлттық құндылықтарымыздың бірі ипотерапияның   балалармен жұмыс істеу барысындағы  ерекшеліктерімен  таныстырды.

Инклюзивті білім берудің ерекшелігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту ғана емес, сонымен қатар білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру болып табылады. «Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен пікір алмасу» тақырыбында ата-ана мен педагог арасындағы қарым-қатынас туралы ата-аналар Тамабекова А.А, Раимбек Д. Мукушева Қ.Д-мен ашық алаңда пікір алмасып, бөбекжай жұмысына баға беріп, өз алғыстарын білдірді.

Семинардың практикалық бөлімінде тәрбиешілер Нурмаганова А.Ж. Аманжолова А.А және музыка жетекшісі Султанова Г.Т  инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту құралы ретінде «Арт терапия  цифрлық шешімдер: тәжірибемен бөлісу» тақырыбында интерактивті сессия түрінде  өткізді.

Семинар соңында келген әріптестер тарапынан кері байланыс берілді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Әбенова Р.Б семинарға қорытынды баға беріп, алдағы уақыттағы Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беретін барлық құрылғылармен жабдықталған кабинет ашу туралы  жоспарымен бөлісті.

Семинарда шеберлік-сабақтар көрсеткен төмендегі 11 педагогқа Шет ауданы білім бөлімінің басшысы Раушан Бекайдаровнаның тарапынан алғыс хаттар табысталды және  мектепке дейінгі ұйым әдіскері А.К.Мусуркеповаға  алдағы  уақытта  барлық  мектепке  дейінгі мекемелерде  тәжірибелік  іс-шаралар  жиі өткізіп тұру тапсырмасы  берілді.

С.И.МАХМУДОВА,

Шет ауданы,

Ақадыр кентінің «Нұршуақ»

бөбекжайының директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *