Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Тәжік-Ауған шекарасында ерлік көрсеткен қазақ батырларын еске алу мақсатында салтанатты іс-шара өткізді. Мерекелік жиын Қарағанды қаласы Жеңіс саябағында орналасқан ескерткіш маңында өтті.
Бұл шараның мақсаты — Тәжік-Ауған шекарасында еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін күрескен батырларымызды ұлықтау, олардың ерліктерін ұрпаққа жеткізу және жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу. Әскери қызметшілер, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар ескерткіштің алдында жиналып, батырларға тағзым етті.
Іс-шарада Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров тарихи маңызды оқиғалар туралы айтып, Тәжік-Ауған шекарасындағы ерлік пен қажырлы еңбекті ұлықтады.
Жиын барысында батырларды еске алу үшін гүл шоқтары қойылып, батырларға арналған ескерткіштердің жанында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы күштері және өңірлік әкімшілік мүшелері қатысты.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі