Төрткөлді түлеткен тұлға

Түгел түркінің темір­қа­­зығы Түркістанда Ұлттық құрылтай­дың екінші жиыны өткені белгілі. «Әділетті Қазақ­стан – Адал ­азамат» тақы­ры­бы­на арналған іргелі шарада Мемлекет басшысы­ Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңыз­ды­ мәселеге тоқталды. Соның ішінде адал азамат қандай болуға тиіс деген өзекті сұраққа өз көзқарасын білдірді. Адал азамат кім десе, алдымен Төрткөл ауылын басқарған Әкірамхан ағамыздың есімі еске түседі. Халық Әкірамаш атап кеткен ағамыздың шын аты – Әкірамхан. Әкірамхан Жұмаділдаұлы Жұмакенов Бұқар жырау ауданы Бабаев атындағы кеңшардың Төрткөл бөлімшесін  жиырма жылдан астам үздіксіз басқарды.

Алабаспен Төрткөлдің ортасы төтесінен қырық шақырым шамасында. Жұмаділда қайтыс болып Қатша шешей төрт баламен қалды.  Сол жерде ешқайда кеткен жоқ, тракторист болып бастап 30 жыл меңгеруші болды. Акрамаш сол 13-14 шамасында болар.

Төрткөл бөлімше болып құрылғалы бұнда үш басқарушы болды.

Оның алғашқысы қазіргі күні құрметті Әкірамаш Жұмакенов еді. Ол сонау 50 жылдардың ортасынан бастап совхоз құрылған 1961 жылға дейін тракторшылар бригадасына жетекші болған. Совхоз құрылып, Төрткөл оның бөлімшесі аталғанда, ол басқарушы болып бекіді. Бұл азаматтың туған ауылымызды, түлетуге қосқан үлесі мол. Бұл қызметті атқарған 20 жылдың ішінде Ә.Жұмакенов шаруашылықтың экономикасына ғана ден қоймай, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын да назарда ұстап отырды. Ауыл өсті, бірсыпыра әлеуметтік құрылыс объектілері де салынды. Төрткөл де төрт түлік малға бай болды. Облыс, аудан басшыларын Акрамаш ағамыз қарсы алатын. Өте мықты адам болды, үлкен денелі адам болды. Ауданның бірінші хатшысы болсын, басқа болсын алдымен осы үйге түсетін. Себебі дастарқаны кең, көңіліде де сондай еді. Түн болсын қай мезгіл болсын қонақжай еді. Акрамаш ұсақ болмайтын, оған бірнеше мәрте өзім куә болдым. Жоғары шығарып әрі бөгелместен жолын беріп жіберетін, бұйымтайың бар ма деп жем-шөпін беріп жіберетін. Шаруашылық ұйымдастыру жағы бойынша қарамағындағылар екі айтпай тапсырманы орындайтын. Шаруашылқтың етке өткізу немесе басқа жоспарларын орындауда өзі қадағалап отыратын. Үйіне келген адамды алдымен тыңдап, бұйымтайын орындап, ауылды ұйытып ұстады. Үлкендермен үлкен, кішілермен кіші болып сөйлеседі. Малы басы өсті, ауылдың жағдайы жақсы болды, бәрін ақылмен ұстады.

Әкем жылқышы болды, мен 10 сынып бітіргенде қайтыс болды. Әкемнің «Аркамашқа бар» деді. Совхоздан сельхоз институтқа жолдама алып берді. Соның арқасында оқуға түстім.  Қырықпай мен  Жұмекен екеуі бір туысады, екеуі немере.

Менің ғалым маман болып шығуыма осы тұлғаның орны ерекше. Әкедей қамқорлығын көрдім. Оқу бітірген жылы отау құратын болдым. Осы хабарды естісімен  айдың ортасында диплом қорғадым. Үш күнен соң Алматыға «Қазақстан» қонақжайына келіп тоқтады. Той мәзірін өзі толық көтерді. Менің тойымды бір өзі өткізді. Қазақстан қонақжайына орналасып, мені шақырып, қаражатын барлығын көтерді. Екі жолдас жігіт бір күнде үйлендік, тойға төрт жүз адам келді. Тойда төрт адам қатар отырдық. Бір тойда сосын жұбайым Сәуле мен Жеңіс деген жолдасым Рая деген жұбымен болды. Екеуі бір ауылдан. Міне, екі отбасының бақытын ашқан осы жан еді.

Акрамаш 13 бала тәрбиелеп өсірді. Сол он үш баладан он бала  жоғары білім алды. Қайролла  Алматыда бірінші сыныптан  музыкалық мектепте  оқыды. Қазақстанда бірінші флейтадан маман болды. Ол мектеп интернатта жатты. Мен онда аграрныйда оқимын, сонда Акрамаш екі-үш келіп қонып кететін. Інім екеуміздің ортамызда жататын.

Бұл кісінің кеңдігі керемет болды. Кеңшілік жасаса кеңінен жасайды. Ауылдың қарапайым адамы үйленсе де соның басы-қасында болып отыратын. Қатардағы адам  келін түсірсе де соның тойының аяғына дейін болып шығарып салатын. Ағайын ортасын қосатын да әйел, әрі ана. Сондықтан он үш баланың анасы Макеннің де еңбегі ерен. Алты  ұл, жеті қыз тәрбиелеп өсірді. Тұңғышы Бақытжан заң органында, майор, Сайран – дәрігер, эпидемолог, Қайролла әлемге танымал музыкант, Мереке – фермер, Мылтықбай – инженер-механик, Бақдаулет – оқытушы, Нұрдаулет – фермер, Алтынай – филолог-мұғалім, Мақсат – заң органында, подполковник, Еркетай мұғалім.

Бөлімше егін шаруашылығымен де, малшылықпен де айналысты. Мыңдаған гектарға созылған астықты алқабы бар. Мол табысқа мұрындық болып жүрген азаматтардың арасынан ең бірінші болып Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, жергілікті Советтің депутаты Айтбай Қыздарбековтың есімін атасақ, оның ешбір әбестігі болмас. Бұл табыс тарланы егін шаруашылығымен айналысатын бригаданы 30 жылдан бері үзіліссіз басқады. Озаттар сапында Қалиакпар Баграмов, Төлеу Боранбаев, Мәулет Мәрдашев, Сағындық Сембаев, Қорғанбек Бейсенбаев, Сайран Айдарбеков, Мархаба Байжанов, Иран Әбілғазин, Сәрсенбек Мусин тәрізді толып жатқан тәжірибелі механизаторлар бар.

Төрткөл бөлімшесінің орналасқан жері шұрайлы. Жыл сайын мол астық алып жүргені сондықтан. Құйқалы шабындықтар қысқа түсетін мал басына жетерлік жем-шөп дайындап алуға мүмкіндік береді. Тіпті қыс ауыр жылдары мал азығын сұраған көршілес ауылдарға, шаруашылықтарға қол ұшын беретіні де бар. 1970 жылдардың басына дейін ауылымызда тек бастауыш мектеп болған еді. Ауыл тұрғындарының саны, соған орай мектеп жасындағы балалардың қатары молаюына орай көпбалалы аналар мен еңбек ардагерлері аудан, облыс басшыларына сұрау салып, орталау мектеп ашқызды. Сегіз жылдық мектеп Әкірамаш марқұм сол кездегі кеңшар директоры Мұқан Бірахметовпен, аудандағы басшылармен келісіп, 13 бөлмелі мектеп үйін салдыртты.

Жумакенов Әкірәмаштің ықпалымен Бабаев, Үлгі және Төрткөл ауылдарында клуб ғимараты бой көтерді.

Мектеп директоры Саят Казтайұлы жаздай Қарағандыдан болашақ мектепке жабдықтар тасыды. Бұл үшін, кеңшар арнайы су жаңа «ГАЗ-53» автомашинасын бөлді. Мектеп ресми түрде 1973 жылғы 31 тамыз күні ашылды.

Ауыл ел тірегі. Ауылдың атын шғаратын осындай тұлғалар болса керек.

Темірғали ШАУШЕКОВ,

 профессор

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *