Ротa командирлерімен оқу-әдістемелік жиындар өтті

2025 жылғы 15-19 сәуір аралығында Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 және 5451 әскери бөлімдерінің базасында рота командирлерімен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

Жиынның басты мақсаты – командирлердің кәсіби даярлығын жетілдіру, олардың басқару шеберлігін арттыру, бөлімшелерді басқару және әскери қызметшілермен тәрбие жұмысын жүргізу әдістерін пысықтау болды. Сонымен қатар, әскери қызметтің түрлі бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды.

Іс-шара аясында тактикалық, атыс, дене шынықтыру даярлығы мен әскери топография бойынша сабақтар өткізілді. Командирлер нақты жауынгерлік жағдайларға ұқсас жаттығуларға қатысып, өздерінің теориялық білімдерін іс жүзінде көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ, жиын барысында әскери тәртіпті сақтау, сарбаздармен моральдық-психологиялық жұмыс жүргізу және әскери ұжымда бірлікті нығайту мәселелері талқыланды.

Оқу-әдістемелік жиынның қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен офицерлер марапатталды. Тұрақты түрде өткізіліп отырған бұл жиын, рота командирлерінің кәсіби деңгейін арттыруға үлес қосады.

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *