Жылу маусымын өткізу және келесі маусымға дайындық мәселелері Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың Саранға жұмыс сапарының негізгі себебі болды.
Аймақ басшысы Абай көшесіндегі компенсаторларды салу және жөндеу учаскесін, орталық жылу пункті мен жылу көзін қоса алғанда, бірқатар нысанды аралады.
Орталық қазандыққа қосылу үш кезеңге бөлінді. 2024 жылы 113 көппәтерлі тұрғын үй мен бес әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысан пайдалануға берілді.
– Жылу беру маусымының соңына дейін бірінші және екінші кезеңнің жобаларына енген барлық қалған үйді қосамыз, – деп хабарлады Саран әкімінің орынбасары Дастан Әрнешев. – Сондай-ақ, келесі жылыту маусымына дайындық аясында бастапқы компенсаторларды сынау жұмыстары жүргізілуде. Сынақ сәтті аяқталғаннан кейін үшінші кезеңді іске қосу басталады – бұл Абай көшесі мен Горняк шағынауданындағы 81 үй.
Сонымен қатар, басқа учаскелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде – ысырмалар мен бастапқы компенсаторларды ауыстырылып жатыр. Мамыр айының соңына дейін екінші кезеңдегі барлық үйді қосып, қаланың тұрғын үй қорын шілде айының соңына дейін жылыту маусымына дайындау жоспарланған.
Ермағанбет Бөлекпаев жауапты құрылымдар мен мердігерлік ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
– Барлық қажетті жабдықты қазір сатып алыңыздар. Егер жылыту маусымының басында ақаулар анықталса, бірдеңені түзету кеш болады. Бәрін де соңғы сәтте емес, қазір жасау керек! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Саран әкімі Дарын Бұлқайыр жылыту маусымының өтуі және келесі маусымға дайындық туралы баяндады.
– 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына барлық үш кезеңді толық қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар орталық қазандықтың жабдықтарына тексеру жүргізіледі. Төрт жаңа сорғы тобы мен оларға қосымша жөндеу жиынтықтарына тапсырыс берілді. Қысқы кезеңде анықталған ақауларды жою жөніндегі шаралар жоспары әзірленді. Жылу көзіндегі барлық жұмыс тамыз айына дейін аяқталады, – деді Дарын Бұлқайыр.
Маңызды кезеңдердің бірі Горняк шағынауданын қосу болмақ. Бүгінгі күнге дейін 55 тұрғын үйдің 43-і пешпен жылытылды. Барлық аулада жылу тораптары орнатылған, енді үйлерге жылу беру қажет. Түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін шағын ауданның тұрғындарымен үй ішіне су тарту туралы келісімшарт жасалды. Жаңа жылыту маусымы басталғанға дейін бұл нысандарды сығымдау және гидравликалық сынақтар жүргізу арқылы толық қосу жоспарланып отыр.
Жергілікті қазандықтарға келетін болсақ, олар тоқтағаннан кейін жабдықтарға толық ревизия сондай-ақ қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін бұл қазандықтар резервке көшіріледі.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы қала әкіміне бірқатар тапсырма беріп, жұмыстың сапасы мен мерзімін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық бақылауда екенін айтты.