Жасанды интеллект және жастар: жаңа мүмкіндік пе әлде қауіп пе?

Қазіргі заманда жасанды интеллект күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып келеді. Бұл технология білім беру, медицина, өндіріс сияқты салаларда кеңінен қолданылады. Жасанды интеллектің дамуы жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бірақ, бұл өзгерістердің оң және теріс жақтары қатар жүреді. Сондықтан, жасанды интеллект жастар үшін жаңа мүмкіндік пе әлде қауіп пе деген сұрақ жиі талқыланады.

Жасанды интеллектің артықшылықтарын қарастыратын болсақ, ең алдымен білім беру саласындағы көмегі көзге түседі. Онлайн платформалар мен оқу жүйелері арқылы жастар өз бетімен білім ала алады. Бұл жастардың оқу үдерісін жеңілдетіп, өз білімін тереңдетуіне жол ашады.

Сондай-ақ, жасанды интеллект еңбек нарығында да жаңа жұмыс орындарын туындатуда. Бағдарламалаушы, техникалық маман сияқты жаңа кәсіптер пайда болды. Жастар осы салаларға қызығып, кәсіби дамуына жаңа бағыт таба алады. Сонымен бірге, ЖИ арқылы күнделікті тұрмыс жеңілдей түсуде. Мысалы, түрлі қосымша арқылы адамдар уақытын үнемдей алады.

Алайда, жасанды интеллектің теріс жақтары да бар. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі осы технологияның әсерінен күшейіп кетуі мүмкін. Себебі көптеген қарапайым жұмыс түрі автоматтандырылып жатыр. Бұл болашақта кейбір мамандықтың мүлде жойылып кетуіне себеп болуы мүмкін. Осы жағдай жастардың болашақта жұмыс табуына кері әсер етеді.

Жасанды интеллект адамның жеке өміріне де әсер етіп жатыр. Кейбір қосымша адам жайлы деректерді жинап, оны түрлі мақсатта пайдаланады. Бұл ақпараттық қауіпсіздікке байланысты мәселелер туындатады. Жастар жеке мәліметтерінің қауіпсіздігіне мән бермей, зиян шегіп қалуы мүмкін. Бұл әсіресе әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетін жастар үшін өзекті.

Тағы бір мәселе – жастардың шынайы өмірмен байланысының әлсіреуі. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін құрылғылар мен платформалар жастарды виртуалды ортаға үйретіп жатыр. Бұл олардың адамдармен бетпе-бет қарым-қатынас жасау қабілетіне кері әсер етеді. Сонымен қатар, жасанды интеллектке шектен тыс сену адамның ойлау, шешім қабылдау қабілеттерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Жасанды интеллектке тәуелділік те өзекті мәселе болып отыр. Кейбір жастар жаңа технологияға тым сеніп, өз бетінше ойлануға немесе шешім қабылдауға ұмтылмайды. Бұл олардың шығармашылық ойлауына кері әсер етеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде уақыт көп өткізу денсаулық пен психикаға теріс әсер етуі мүмкін.

Қорыта айтқанда, жасанды интеллект жастар үшін жаңа мүмкіндіктер де, түрлі қауіп те әкеліп отыр. Оның дамуын толық тоқтату мүмкін емес. Бірақ оны дұрыс әрі тиімді пайдалану маңызды. Жастар жаңа технологияны игере отырып, оны білім мен даму үшін қолданса, бұл үлкен мүмкіндікке айналады. Ал керісінше, жасанды интеллектке толық тәуелді болып кетсе, бұл болашақта қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені байыппен қарап, тепе-теңдік сақтау керек.

Айым ЖҰМАЖАНОВА,

Қарағанды қаласы

Мағжан Жұмабаев атындағы

гимназияның биылғы түлегі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *