Селден келген сынақ

Қарағанды қаласының жолға жауапты мекемелерді, қала мен аудан әкімдерін сынға алған жауын бір тәулік бойы жауып, есеңгіретіп тастады. Қала көшелері мен жолдарын су басып, көліктер тікелей айтқанда жүзіп жүрді. Базарларда да адамдар аяқпен су кешті.

Қарағандыда бір тәулікте бір айлық жауын-шашын жауды. Осындай қалыптан тыс жаңбырдың салдарынан бірнеше сағаттың ішінде қала көшелері мен аулалары мен жолдарын су басты.

Су басқан жердің бірі  ірі «Таир» сауда орталығының артындағы автотұрақ болды. Бұл аймақ ежелден су басу нүктесі ретінде белгілі. Мұның себебі жауын-шашынды болғанда су кетер жер жоқ, ал су жиналып, аумақты нағыз көлге айналдырады.

Қарағанды ​​әкімдігі «мәселенің маңыздылығын мойындаймыз, оны шешудің жобасын дайындап қойдық. Жақын арада жаңа нөсерді су ағызу жүйесін төсеу бойынша ауқымды жұмыстарды бастау жоспарлануда» деген жауаппен құтылды, әзірге.

Жоба диаметрі 600 миллиметрлік құбырларды пайдаланып, ұзындығы шамамен 2,5 шақырым болатын кәріз жүйесін салуды көздейді. Мұндай инфрақұрылым жаңбыр суын қауіпсіз қашықтыққа тиімді түрде ағызып, қатты жауын кезінде де су басу қаупін азайтады.

«Жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл учаске бұдан былай су тасқыны аймағы болмайды және қала тұрғындары ауа-райы қолайсыз болса да оның бойымен еркін жүре алады» деп сендірді Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов.

Дегенмен, еріксіз сұрақ туындайды: мәселенің ауқымын түсініп, оны шешуге неліктен көп жылдар қажет болды?

Қала тұрғындары жылдар бойы қолайсыздықтарға тап болуда, жылда бір жөнделіп жатқан «Таир» сауда үйінің аумағындағы жолға суа,ар неге жасамаған?

«Қазгидромет»  мәліметі бойынша, Қарағандыда 44,2 мм жауын-шашын түсті, айлық норма 43 мм – бұл  норманың 103%. Қарапайым тілмен айтқанда, ай сайынғы жауын-шашын небәрі үш сағатта жауды.

Жолдарда су жиналып, электр қуатының үзілуі байқалды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Коммуналдық қызметке де рақмет айтады тұрғындар. Жұмыстың ауырлығына қарамастан, олар қаладағы жағдайды тұрақты ұстауға тырысты. Жұмысшылар нөсер құбырларына суды айдады, қаланың айналасында нөсер төгетін торлар ашылды, кейбір аудандарда сору жұмыстары жүргізілді.

Сел кезінде ағаштардың құлауының жеті жағдайы тіркелді. Оларды кесу және жоюмен жеке топ айналысты – көпшілігі  жойылды.

Сонымен қатар, ағаштар үш көлікті зақымдады. Қарағандыда ғана емес, Теміртауда да болды бұл жағдай. Бұл ағаштарды Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кескен.

Қарағандыда жауған жауын салдарын жоюға 80 жол жұмысшысы мен 60-қа жуық арнайы техника, оның ішінде 27 сорғыш техника жұмылдырылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Бағдаршамның жұмысындағы кешегі олқылықтарды да айта кеткен жөн. Қалада 207 бағдаршам орнатылған. Сел салдарынан 10-ы жұмыс істемей қалып, кептеліс тудырды.

Электрмен жабдықтауға келетін болсақ, «Қарағанды ​​Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ақпаратына сәйкес, барлық тұтынушылар электр қуатымен қамтылған.

Мейрам Қожықовтың айтуынша, қатты жауын салдарынан қалалық қосалқы станциялар жұмысында технологиялық ақаулар болған. Қазіргі уақытта кейбір тұтынушыларға электр жарығы қайта берілді. Қала бойынша қайта қосу жұмысы жалғасып жатыр, сондықтан кей жерлерде уақытша жарық өшірілуі мүмкін. Бұл – қауіпсіздік мақсатындағы шара.

«Тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұраймын. Бірқатар бағдаршам қайта іске қосылды, қалғандарына қатысты тексеру жүріп жатыр. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деді әкім.

Сонымен қатар, жаңбыр Кеңшілер даңғылы бойындағы жолды да селге айналдырды. Нөсер жауын салдарынан көліктер жүре алмай қалды. Бұл жерде де су ағар қарастырылмаған болып шықты.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *