Ақылды жүйелердің өмірімізге ықпалы

Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. AI – Artificial Intelligence) – бұл компьютерлер мен машиналарға адам сияқты ойлау, үйрену, шешім қабылдау қабілетін беретін технологиялар жиынтығы. Яғни, ЖИ – ақпаратты өңдеп, тәжірибе арқылы жаңа шешімдер шығара алатын жүйелер.

Жасанды интеллект (ЖИ) өте пайдалы және қазіргі заманда өміріміздің әр саласына әсер етеді. Автономды көліктер, қауіпсіздік камералары, алаяқтықты болжау жүйелері. Қате ықтималдығын азайтады, қауіпсіздікті арттырады.

Білім беру саласында ЖИ әр білім алушының деңгейіне бейімделген тапсырмалар береді. Білім алушы өз жылдамдығында оқып, кері байланыс алады. ЖИ ойын түрінде тапсырмалар беріп, білім алушылардың қызығушылығын арттырады. Мысалы викториналар, интерактивті ойындар арқылы сөздік қорды көбейту.

2025 жылдың желтоқсан айында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Көлік, логистика және инженерлік экономика» факультеті «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының кураторлары Қ.Қ.Нұржанова (ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-2с), Л.М. Күлейменова (ТТ-25-1), М.Т.Оспанғалиева (ТТ-25-2, ТТ-25-2с), А.Ж.Жалдыбаева (ЛОГ-25-3), Н.А.Қоңырова (ОП-25-1, ОП-25-1с) «Толыққанды адам» білім беру курсының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 8 желтоқсанында  куратолық топ студенттерімен «Жасанды интеллект пен заманауи өмір» тақырыбына конкурс өткізілді.

Конкурс 4 кезеңнен тұрды. Кріспе, білім жарысы, шығармашылық тапсырма, викторина.

Конкурстың масқаты:

  1. Жасанды интеллекттің (ЖИ) мүмкіндіктерін, қолдану салаларын түсіндіру.
  2. Оқушылардың зерттеу, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
  3. Тақырыпқа қызығушылық тудыру, командалық жұмысқа үйрету.

Командаларға тапсырма беріледі:

  1. «Қазақ тілін оқытуда ЖИ қалай қолданылады?» туралы постер жасау.
  2. «ЖИ артықшылықтары мен қауіптері» тақырыбында қысқа бейне немесе слайд презентация жасау.
  3. «Болашақтағы ақылды үй немесе қала» идеяларын суреттеу.

Конкурс барысында барлық команда білімдерімен, шығармашылықтары мен тапқырлықтарымен ерекшеленді.

Конкурс қорытындысы бойынша марапатталды:

1-орын. ТТ-25-1 тобы (кураторы Л.М.Кулейменова),

2-орын. ЛОГ-25-2 тобы (Кураторы Қ.Қ.Нұржанова), ОП-25-1 тобы (кураторы Н.А.Қоңырова).

3-орын. ТТ-25-2 тобы (кураторы М.Т.Оспанғалиева), ЛОГ-25-3 тобы (кураторы А.Ж.Жалдыбаева).

Бұл тақырып студенттердің сыни ойлау, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Студенттер ақылды жүйелердің өмірге тигізетін нақты пайдасын, қолдану жолдарын, қауіптерін және жауапкершілік аспектілерін толық түсінеді.

Қарлығаш НҰРЖАНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі