«Абайға арзу» жеңімпаздары марапатталды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы ақынның ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етуден басталды.

Одан әрі Қарағанды қаласының Орталық саябағында «Абайға арзу» қалалық жас ақындар мүшәйрасының марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Шараны Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырды.

Мүшәйраға 17 жас ақыннан өтінім келіп түсті. Оның ішінде 12 қатысушының шығармалары қазылар алқасының сараптауынан өтті. Қазылар алқасына тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Салауат Кентбек төрағалық етті.

Байқау қорытындысы бойынша 3-орын Ералы Ғани, 2-орын Ербұлан Мақатай, 1-орынды Ерік Нарын иеленсе, бас жүлде Ерболат Қуатбекке бұйырды.

Жүлдегерлер мен қатысушыларға дипломдар, сертификаттар және ынталандыру сыйлықтары табысталды. Ақындар сахнада Абайға арналған жырларын оқып, көрермен ықыласына бөленді. Шара соңында Балдай Нұрлыхан мен Бек Әмірханның орындауында «Желсіз түнде жарық-ай» әні шырқалды.

Өмір БАЙБОСЫН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *