Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Абайға арзу» қалалық жас ақындар мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

 

2025 жылғы 30 шілдеде Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жастар арасында «Абайға арзу» атты ақындар мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты:

  • қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, данышпан ақын Абай Құнанбайұлының данышпандық, ақындық қырын жан-жақты көрсету;
  • Абай мұрасын насихаттау.

Мүшәйраның шарты:

  • мүшәйраға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
  • қатысушылар Абайға арнауын және еркін тақырыптағы өлеңі – барлығы 2 өлеңін ұсынуға міндетті;
  • бұрын байқауға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды.

Мүшәйраға келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және іріктейді. Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

—    ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;

—    шығарманың идеялық мазмұнына;

—    туындының көркемдік сапасына;

—   автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне баса назар аударылады.

Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жүлде қоры төмендегідей:

Бас жүлде – 100 мың;

І орын (біреу) – 80 мың;

ІІ орын  (біреу) – 60 мың;

ІІІ орын (біреу) – 50 мың;

6 қатысушыға бағалы сыйлықтар табысталады.

Мүшәйраның өту форматы мен нақты мерзімі қосымша хабарланады.

Мүшәйраға  қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары, жеке куәлігінің электронды көшірмесі) және шығармалары 2025 жылғы 21 шілдеге  дейін  8702 231 16 85 уатсап нөмірі бойынша қабылданады.

Анықтама телефондары: 8775 905 53 17 және 87011737686

 

Өтінім үлгісі:

 

Тегі, аты, әкесінің аты Туған күні, айы, жылы Жұмыс/оқу орны, лауазымы Байланыс телефондары (уатсап), электронды поштасы
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *