Рахманберлі Түсіпов, Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 70 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін абыройлы да аяулы азамат ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, әсіресе Кент әкімі болған кезде ұйымдастырушылық қабілетіңізді көрдік.
Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы дәрігерден ауданға белгілі мемлекет және қоғам қайраткері деңгейіне дейін көтерді. Мемлекеттік жауапты қызмет атқардыңыз, елдің тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие тұлға ретінде көріне білдіңіз.Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында да еңбегіңіз ерен. Осынау мерейтой күні, өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін!
Амангелді ӘБЖАНОВ,
Жаңаарқа ардагерлер кеңесінің төрағасы