Алан – абсолютті чемпион

Павлодарда Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтті. Қарағандылық теннисші Алан Құрманғалиев үш алтын мен қола жүлде жеңіп алып, осы турнирдің абсолютті чемпионы атанды.

Ракетка шебері жеке, жұп және аралас разрядтарда жеңіске жетті. Командада қола жүлдегер атанды.

Нәтижесінде Қарағанды облысының құрамасы бірінші орын иеленді. Команданың есебінде төрт алтын, бір күміс және төрт қола медалі бар.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *