Метц қаласында (Франция) WTT Youth Contender үстел теннисінен халықаралық турнир өтті. Қарағандылық спортшы Алан Құрманғалиев финалда бір қадам қалғанда ұтылып, үшінші орынды қанағат тұтты.
Қарағандылық теннисші 19 жасқа дейінгі жас санатында өнер көрсетті. Жарыста ол Иван Канды (Нидерланды), Ронда Брентті (Нидерланды), Назар Солодконы (Украина), Вим Вердоншотты (Германия) жеңді.
Жартылай финалда Құрманғалиев жапондық Юки Сакайдан 1:3 есебімен жеңіліп, турнирді қола медальмен аяқтады.