Арғынның Нұрбай батыры немесе 38 жылдан кейін рассталған құжат

Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, жұртының амандығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ тарихының  тұлғалары ұлт тарихының әр белесінде тұлғалық  деңгейге көтеріліп отырған.  Тұлға дегеніміз кім?  Осы биік тарихи мәртебеге кімдер лайықты болған. Тұлға деген ұғым-тарихи өлшем. Яғыни, қазақ тарихының әр белесінде халықтық тарихи мәні бар оқғаларды басқарған ұйымдастырушы болған немесе жаугершілік заманда асқан ерлік көрсеткен батырлар да -халықтың тұлғасына айналып отырған. Тарихи тұлғаларды жік-жігімен қарайтын болсақ сонау дана бабаларымыз Тоныкок, Күлтегіннен бастап, ұлы хандарымыз Жошы хан, Тәуке хан, Керей хан Жәнібек Хан, Есім хан, Абылай хан  әрі қарай жалғаса берері хақ. Ел қорғаған батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайдан бастап, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің небір жаужүрек батарлары болғандығы тарихтан мәлім. Олар туралы халық аузында көп айтылсада  кейбір мәліметтер  көмескіленіп, бүгінгіге жетпей қалғандары қаншама десеңші.

Сондай тарихи тұлғалардың бірі, ұлтарақтай жер үшін жаумен шайқасқан – Арғын  Нұрбай батыр. Арғын Нұрбай батыр – Есім  хан мен Жәңгір хандардың  сенімді, жаужүрек батырларының бірі болған. Ол шамамен XVII ғасырдың басында 1609 жылы туып, 1675 жылы дүниеден өткен. Оның есімі қалың Алтай руына ұран болған.Аса қырағы батыр Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы  Ақтау елді мекенініен әрірек Шажағай өзенінің бойында кіндік қаны тамған.Шамамен 1675 жылы сол өңірдегі Қопай деген төбенің басына жерленген. Нұрбай батыр мазарын Қаражал қаласында  20 жылға жуық бірінші хатшы болған, мелекеттік қайраткер Қаратай Тұрысов архиолог Әлкей Марғұлан екеуі көргендігін айтады. Бұл жөнінде «Орталық Қазақстан» газетінде 01.07. 2021 жылы жарық көрген «Арғын Нұрбай батырдың ерлік рухы» атты мақалада жан-жақты айтылады.

1627 қоян жылы Тобылдан ығысқан қалмақтар Еділ мен Жайыққа келіп, Кіші жүз қазақтарына күн көрсетпейді . Есім хан 20 мың қолды басқарып.Жайыққа аттанады.Қазақ жауынгерлері жоңғарларға қарсы аттанғанда осы сапта 18 жастағы Нұрбай да болған екен.Ол кездегі заманның салты бойынша жалпы соғыс басталардан бұрын екі жақтың батырлары үш рет жекпе-жекке шығады екен. Өкінішке орай, жекпе -жекте қазақтың екі батыры жеңіліске ұшырайды.Сөйтіп, қазақ халқының болашағы қыл үстінде тұрғанда ,  топ ішінен «Тасқара» атты  тұлпарына мінген 18 жастағы Нұрбай жау батырын жекпе-жекке шақырады.

Сонда топтан шыға келген жас жігітті менсінбеген қалмақ батыры  «Алдымда тұрған жас бала,

Бола берме мас бала,

Үмітің болса жаныңнан,

Қарсыласпай қаш бала»-деген екен.Нұрбай жұлып алғандай:

«Төгейін деп келемін,

Кәпір қалмақ қаныңды,

Жіберуге келемін,

Жеті тамұқ түбіне,

Бір шыбындай жаныңды,-  дейді. Сөйтіп, жекпе-жек шайқасы басталып кетеді. Ойрат тайпасы көсемдерінің бірі-Қоту-Қойсынның ініс Барғай батыр Нұрбайды маңдайынан шаншады.Ал, қазақ батыры бұл жолы асқан ерлік жасап,қалмақтың мықтысы, құралайды көзге атқан мергені Барғайды найзамен өңменінен шаншып,ту сыртынан шығарады. Қалмақ батыры сол жерде өледі де, Нұрбай әрі қарай жаумен  шайқаса береді.

Есім хан анығын білмек болып: «Нұрбай қай жерінен жараланды?»-деп сұрайды.Ханның қасында тұрған бір нөкері: «Ол түп -тура маңдайынан жаралы болды»-дейді.Сонда Есім хан: «Онда құдай берген екен,даңқты батыр болайын деп тұр екен»,-дейді. 1627 жылы ұлы жорық нәтижесінде Еңсегей бойлы ер Есім хан Ойрат Одағын екі жүз жылдық  соғыс тарихындағы ең ауыр жеңіліске ұшыратты. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда Есім  хан Нұрбайдың соғыста көрсеткен ерлігіне өте риза болып, қол жайып батасын береді.Сол жолы Есім хан жас Нұрбайға ақсауыт пен дуылға, алмас қылыш алты қанат ақ киіз үй сыйға тартады.

Қара қалмақ Барғайдың басын кесіп,

Бақ алған 18-де жекпе-жектен,

Ерлігі үшін алашқа мағұлым болып,

Қазаққа аты шыққан сол себептен,-деген жыр жолдары  ел жадында сақталып қалған.

Оның есімі туған елінде жауынгерлік ұранға айналды. Батар Нұрбай Алтайұлының ерлігі күні бүгінге дейін ел аузында аңыз-жыр болып сақталуда.Атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шежіресінде( « Қазақ шежіресі» , Алматы. Жалын, 1993,-25-26 бет) мынандай қызық деректер келтірілген:»Алтайдың ақ сауыты Нұрбайда қалған.Қалмаққа олжа түсіп кеткен жерінен Нұрбай өзі барып алып келген. Сауыттың аты «шежекөз». Сондықтан Нұрбай батыр ұраны «Шежекөз». Нұрбайдан басқасында белгілі ұран жоқ.Әупай, Қуандық қалған…

Нұрбай Батыр туралы қиссада жазылған екен. Ол туралы» Орталық Қазақстан» газетінің 01.07. 2021жылы шыққан мақалада айтылған. Нұрбай батыр туралы ақын Базарбай Әлеуханүлы поэмада жазды. Ел аузында Нұрбай батыр туралы осыдан отыз жыл бұрын өте көп айтылатын. Бірақ ұрпақ ауысқан сайын кешегі жаугершілік заманда толарсақтан саз кешіп «елім», «жерім» деп еңіреп өткен батыр  есімдері көмескілене беретіндігі шындық.Бірде қазақтың бетке ұстар ғалым, жазушылары жазушы-этногроф  Ақселеу Сейдімбеков, тарих ғылымдарының докторы  Болат Әбдікәрімов, жазушы Әнес Сараев ағалармен бір бас қосқанда Нұрбай батыр туралы сөз  болды. «Нұрбай батырдың ерлігі жөнінде  аңыз, әңгіме көп екендігі бесенеден белгілі. Бірақ батыр туралы деректі Омбы архивінен іздеп көруге болады»,-деді Ақселеу аға. Қалжыңдап сөйлейтін  Болат аға: «Где Нұрбай, там ойбай» деп күліп, сен, Мағжан Нұрбайдың ұрпағысың. Батыр туралаы жазған мақалаларыңды оқыдым. Дұрыс, бірақ әліде болса, деректер қажет. Сен демалыс алған екенсің екі үш күннен кейін жазушы  Нөгербек Мағзұмов, тарихшы Әділет Шәкімов  ағаларың мемлекеттік тарихи деректерді нақтылау үшін Омбы архивіне барады. Сен сол кісілерді «Жигулиіңмен» алып барсайшы. Өзің де Нұрбай батыр туралы деректер іздейсің»,- деді.  Мен ойланбастан «барам»- дедім

Сөйтіп, 1987 жылдың 14 тамызында машинамен Омбы қаласына келдік.  Омбы тарихи архивінде екі аптадан болдық. Архив сөрелері мен үлкен столдың үстінде  толып жатқан шаң басқан қолжазба  дүниелер. Жапырақ, жапырақ қағаздар. Бәрі қаламсап сиямен жазалған. Славян  алфавит әріптері әр кезеңде әр түрлі екен. Маған музей қызметкері татар әйелі: «Сен балам, орыс ғалымдары мен саудагерлердің  Қытайға сапарын қара,олар Қазақ елін басып өткен ғой. Экспедиция мүшелерінің көрген-білгендері сия қаламсаппен жазылады, оларды лупамен қарау керек»,-деді. Қайтар күнге үш күн қалғанда атқа  Нұрбай батыр туралы деректі тауып қуанып кеттім. Архив қызметкері қол машинкамен басып берді. Сосын өзімнің ФЭД-3 фотоаппаратыммен тексті суретке түсіріп алдым. Ол кезде Қазақстан, Ресей бір Одақта өмір сүргендіктен көшірмені растау болған жоқ. Машинкаға басып алғаныма мәз болып, елге қайтып кеттім.Осыдан үш жыл бұрын Нұрбай батырды тарихи тұлғалар тізіміне кіргізу үшін жаңағы машинкаға басылған Нұрбай батыр жөніндегі  фактіні Мәдениет министрлігіне  көрсетсем «Ой, мынаны Омбы архиві растау керек»,-деді. Сонымен биылғы жылдың ақпан айында Омбы тарихи архивіне Нұрбай батыр туралы дерек-көшірмені растап беріңіздер деп арнайы хат жолдаған болатынмын. 2025 жылдың Наурыз айының 18-де Омбы архивінің директоры Л. Чекалинаның атынан Нұрбай батыр туралы айтылған дерек «көшірмесі дұрыс» деген штамп қойылған арнайы хат келді.Расталған текстің орысша көшірмесі төмендегідей: «… Путешествуя по направлению к  Китаю по Шелковому пути , специальная экспедиция  в составе 12 человек верхом на лошадях и верблюдах сбились с намеченного маршрута. Наш небольшой караван выехал из города Омска, одноко где-то через 1500 километров выяснилось, что мы заблудились, по этому пришлось передвигаться вдоль подножия невысоких гор, где была множество хрустально чистых, прозрачних родников. Но этот казус обернулся для нас удачей. Потому что окозалось что у подножия этих гор жили люди, которые называли себя казахами. Мы узнали, что эту эпоху казахским народам провил Есим-хан.

Нам пришлось провести три дня в ауле казахов, который  расположился вдоль реки Сарысу. Мы ознокомились с бытом кочевого казахского народа , с его традициями и культурой. Член  экспедиции Нонор , хорошо владеющей  тюркским  языком, почеркнул множество сведений из истории  казахов. Мы узнали о храбры  батыре Нурбае. Нурбай был очень смелым и отважным  воином. Он жил близ реке Шажагай. В битве с врагами, недалеко  от местечка Коскултук, праявил  беспрецедентный героизм».(Взято из записи поездки русского научно-торговой экспедиции в Китай 1840-1841 гг. 164 стр.)

Жалпы ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу-қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс.Сондықтан қоғамның саяси-әлеуметтік , мәдени-рухани ахуалы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады емес пе? Қазақ тарихында небір ел дамуына ат салысқан би мен батырларымыз көп болғандығы әмбеге аян. Нұрбай батыр туралы ел аузында аңыздың көп екендігін жоғарыда айттық. Алайда, Омбы архивінен  Нұрбай батыр туралы құнды деректің табылуы Нұрбай Алтайұлының  еліміздің тарихи тұлғалар тізіміне енгізуге толық негіз бар деп ойлаймыз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз өскелең ұрпақты барша жұрт мақтан тұтатын тарихи тұлғаның тағылымы арқылы тәрбиелеуіміз керек» деп ерекше атап өткен болатын.  Олай болса, қазақтың даңықты қолбасшыларының бірі болған Нұрбай батырдың қаһармандығы мен ерлік істерін бүгінгіге паш ету- қазіргі жас ұрпақтың жүрегінде ержүректік пен туған елге деген патриоттық сезімді оятары хақ. Қазақ тарихында тарихи мәртебесі бар Нұрбай батырды мәңгі жадымызда сақтау- ұрпақ парызы.

Мағжан САДЫХАНҰЛЫ, 

философия ғылымдарының кандидаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *