Сен Қарағанды облысының болашақ сарапшысы болуға дайынсың ба? Жастардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, сыни ойлауды және стратегиялық талдау дағдыларын дамытуға бағытталған бірегей жобаға қатысуға шақырамыз!
«Қарағанды.Талдау мектебі» жобасының мақсаты: мемлекеттік басқару, әлеуметтік ғылымдар және азаматтық сектор салаларындағы аналитикалық әдістердің деңгейін арттыру болып табылады.
•Оқыту мерзімі: 2025 жылдың 8 қарашадан-6 желтоқсанға дейін (5 апта), тек сенбі күндері.
•Формат: Офлайн.
•Спикерлер: Қазақстанның танымал мемлекет қайраткерлері, сарапшылары мен аналитиктері.
Біздің мақсатты аудитория (21-35 жас)
❗ Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
1.Магистр немесе ғылыми дәрежесінің болуы (немесе магистранттар мен докторанттар)
2.Курс бойы сабақтарға міндетті түрде қатысу.
Іріктеу кезеңдері:
•Өтінімдерді қабылдау: 4 қараша сағат 19:00-ға дейін!
•Әңгімелесу: 5-6 қараша
Қатысу үшін не қажет?
1._Өтінім толтыру
2.Резюме
3.Мотивациялық хат (500 сөзге дейін, жұмыс істейтін 5 бағыттың бірін көрсету)
4.Ұсыныс хат
5.Жарияланған аналитикалық материалдарға сілтемелер (Болған жағдайда)
Құжаттарды бір pdf. Форматта бір файлмен qaragandy.taldaumektebi@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет. Жобаға қатысу ережесін профильден немесе келесі бетте көрсетілген qr-код арқылы көшіре аласыз. Толық ақпарат келесі телефон номері бойынша: 87058146870
