Қарағандыда «Әділ қоғам» жобалық кеңсесі ашылды

2025 жылғы 24 маусым күні Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және кұжаттама басқармасының Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әділ қоғам» жобасы аясында жобалық кеңсенің ашылу салтанаты өтті.

Шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә.Ү.Әлденей, Қарағанды облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Б.Байбосынов, «Әділ қоғам» жобалық кеңсенің басшысы А.С.Шаймуханбетова және мәдениет және өнер мекемелерінің, қоғам бірлестіктерінің және жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

«Әділ қоғам» жобалық кеңсесінің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділдік, ар-ождан қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті арттыру. Кеңсе ұлттық мәдениет пен рухани мұраны негізге ала отырып, әдебиет, өнер және ғылым арқылы парасаттылық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Кеңсе базасында дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, әдеби кештер, шығармашылық кездесулер, клубта отырыстары, көрмелер, жастарға арналған мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *