2026 жылғы 8 сәуірде Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы» акциясы аясында «Жастар және заң: дұрыс таңдау — жарқын болашақ» тақырыбында интеллектуалдық квиз-ойын өткізді.
Іс-шараға ауданның мектептері мен колледждерінің оқушылары қатысты. Бағдарламаның ашылуы жастардың қатысуымен өткен жарқын флешмобпен сүйемелденді.
Квиз өткізудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, заңға және құқықтық тәртіп қағидаттарына құрметпен қарау сезімін қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Интеллектуалдық ойын барысында қатысушылар заңнама, азаматтардың құқықтары мен міндеттері саласындағы білімдерін көрсетті.
Сонымен қатар, күнделікті өмірде заңды сақтаудың маңыздылығы мәселелері талқыланды. «Заң және тәртіп» қағидаттарына негізделген тұрақты өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы жастарды жауапкершілік танытуға, заңнама талаптарын сақтауға және заңға бағынатын мінез-құлықты таңдауға шақырады.
Іс-шара белсенді әрі танымдық атмосферада өтіп, жастар арасында құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға ықпал етті.
