Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде 450-ге жуық сарбаз алғаш рет жауынгерлік қызметке түсті. Алдағы уақытта жас сарбаздар еліміздің кеншілер қаласы атанған Қарағанды қаласының көшелерінің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дегенмен жас сарбаздар қызметке кіріспес бұрын 1 айлық оқу жиындарынан өтіп әскери тәртіптің негізін меңгерді. Сондай-ақ, қала көшелерінде қызмет ету барысында, азаматтық қарым-қатынас жасау, құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса көктеп назар аударылды.
- Біздің әскери бөлімге өте үлкен міндет жүктелуде. Біздің негізгі қызмет қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті күзету. Біздің әскери бөлімнің сарбаздары өздеріне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарады деп сенемін-деп мәлімдеді әскери бөлім командирі подполковник Рауан Омаров
Алдағы уақытта отан алдындағы борышын атқарып жүрген ұландықтар 1 жыл бойы Қарағанды қаласының тыныштығын күзетеді
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі