Қараусыз мал – қауіпті!

Қарағанды-Жолаушылар станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аумағында мал жаю қағидаларын бұзу дерегі тыйылмай тұр.

Үй малының теміржолға жақын жайылу себебінен орын алып жатқан пойыздардың шұғыл тежеу деректері көлік сақшыларының жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына қарамастан орын алуда.

Осындай оқиғалардың бірі 2026 жылдың 15 ақпан айында орын алды. Қарағанды-Жолаушылар станциясы желілік полиция бөліміне Қарабас-Қарағанөзек перегонының 744 шақырымында «Шымкент-Астана» бағытындағы №86 жолаушылар поезының жылқы малын қағып кету туралы хабарлама келіп түсті. Болған оқиғаның орнын анықтау барысында үйірдің айғыры жылқы малын үйірінен адастыртып, мал теміржолдың бойында  қараусыз қалғаны анықталды. Малдың құлағындағы сәйкестендіру белгісі, чиптің көмегімен иесі табылып, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559 бабы 1 бөлімімен әкімшілік жауапқа тартылды.

Жыл басынан бері өңірде үй жануарлардың бақылаусыз жайылуына жол берген 6 мал иесі жауапкершілікке тартылды.

Көлік сақшылары «Темір жол аумағы – қауіп қатерге толы аймақ» екендігін ескерте отырып, үй жануарларын мұқият бақылауға алуға шақырады. Бақылаусыз мал жайылымы теміржол қозғалысындағы жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Қарағанды-Жолаушылар ст.ЖПб