Арманы биік асыл ер, ұрпақтың қамын ойлайды…

Осы сөзді естігелі көкейімде маза болмады. Проза жанрында қалам ұштамағалы  он жылдай уақыт та өтіп кетіпті-ау. Күнделікті өмірдің күйбеңімен жұмыстың қағазбастылығымен әлде осындай көңілге қонымды іс-әрекеттер болмағаннан ба  деп те ойладым. Бүгін қаламымды қолға алғызып, ойыма маза бермей отырған да ірі тұлғаның әрекеті деп айтар едім.

Рухани байлықтан болашақ ұрпағымыз жұрдай боп бара жатқанын көкірегі ояу, ұрпағы үшін тілім, елім, жерім дейтін ел тізгінін ұстаған азаматтың бірі – Есентай Мұқатайұлының білім саласындағы қырағылығы мен жас буынның еліктегіш  халін түсінгеннің арқасында.

Қазіргі 21 ғасырда батысымызды батырып, орысымыз орып тұрып ұлттық құндылығымыздан айырылғалы отырғанда балабақшадан бастау алған тәрбие мен білімді қазақ халқымыздың ұлттық құндылықтарын бойға сіңіре білім беруден бастау алу керектігін білім бөліміне келген күннен бастап қолға алды.

Сағат сайын заманауи дамып жатқан көштен қалмас үшін қазақ мектептерін, ұлттық мектептерге «брэнд» етемін деген ер-азаматымыз бірден іске кірісті. Ердің ісі сөзбен емес, іс-әрекетпен басталды. Қаламыздың әйгілі Алаштың арыстарымен атын иемдеген білім ордаларының басшыларын жинап алып, қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ақ жол» шығармасын басшылыққа алып, әр білім мекемесі осы шығарма арқылы нені дамыту керектігін жоспарлап ұрпаққа білімді, рухани байлығы мол азамат тәрбиелеу үшін алдарына миссиясын анықтап, мақсат құрды. Балабақшаға кірген сайын бірден қазақ тілі кабинеттерінің жағдайын көріп, онда бір бұрышта жетімсіреп киіз үйдің бұрышын көріп, жүрегі ауырып қайтатын. Бұл ұлтымызды мазақ етіп көрсететіннен қалай құтыламыз деген сөзі де жанымызға қатты батты. Содан қазақ тілінің кабинеттерінің байқауын жариялап та жібердік.

«Тілім, елім, жерім» деген 15 шақты балабақша басшылары байқауға бірден кірісіп кетті де, қазақтың ұлттық құндылығын заманауи кабинеттерді сақадай сай етті. Есентай Мұқатайұлы жүрекжарды бұл қуанышқа миллиондап жылжымалы қазіргі озық лэд-экрандарды мультамедиялық кабинеттерге сыйға тартты. Міне кабинеттен бастап ішкі мазмұнға яғни бөбекжайларда өсіп-өніп жатқан жас буынға рухани ұлттық құндылығымызды жаңартып жүлделі орындарға шыға келді. Ойын арқылы бойға сіңіруден бастау алындар деп білімге еңгізіп жіберді.

Тіл жоғалса, ұлт та осы қауіпті сезінген басшы тіл үшін білім беру ұйымдарында өзге ұлт өкілдеріне ұстаздарымыз тілді инновациялық қазіргі таңда батысқа, шығысқа еліктеп отырған ұрпақты қызықтыру өте қиын. Осы мәселені шешу үшін сонау Елордамыз Астана қаласынан «Ұстаз» орталығынан білікті мамандармен келісіп, тілді өзге ұлт өкілдеріне 800-дей ұстаз қауымына 3 айдай оқыту курсын ұйымдастырды. Ұстазы қандай болса, мектебі де сондай демекші, ұстаздардың тілді үйрету үшін оқушының тілге деген қызығушылығын арттыру үшін алдымен білікті мамандар даярлауға кірісті. Үш ай оқытып, 82 мектептің арасында инновациялық ашық сабақтар фестивалін де бастап жібердік. Енді осы ұстаздар алған білімдерін күнделікті сабақта іс-тәжірибеде қалай қолданып тілге деген сүйіспеншілікті көтеріп жатқанын көкірегі ояу басшымыз көргісі келді. Алаштың  еңбектерін басшылыққа алып білім беріп жатқан «Ziatkerlik modernizasia – 23» деген жоба да жыл сайын білім саласын дамытуда. Міне осылай 2 жыл ашық сабақтар фестивалі, жоспарлы «Мен ұсынар бір кітап…» READ x форматында шара жалғасуда.

Айгүл ҚАДЫР,

Қарағанды қаласы білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  әдіскері

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *