Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді

Ағымдағы жылдың 1 қазан күні қарттар күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде мерекелік концерт өткізілді. Аталмыш іс-шараға әскери бөлім ардагерлері қатысып, көңілдері көтеріліп қалды. Іс-шара аясында, әскери қызметкерлер әрбір халықтың әндерін шырқап, ардагерлеріміздің қошеметіне бөленді.
— Бұл іс-шара, халықаралық қарттар күні қарсаныңда ұйымдастырылып отыр. Қарттар біздің қазынамыз, сан түрлі дәстүрді сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттаушыларымыз болып табылады. Бүгінде біз бұл іс-шара аясында, әскери бөлімнің ардагерлеріне арнап арнайы концерт ұйымдастырдық. Бұл іс-шараның басты мақсаты, ардагерлерімізді ардақтап қадірлеу- деп атап өтті 6505 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мақсат Мукаев.
Іс-шара соныңда, әскери бөлім командирі әскери бөлімнің барлық ардагерлеріне бағалы сыйлықтар мен арнайы мадақтамалар табыстады. Өз кезегінде ардагерлер ұландықтарға алғыстарын білдірді.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *