Қаржылай сауаттылық, жастар мен үлкендер білуі керек маңызды мәселе. Себебі, елімізде бұл көп талқыланатын өзекті тақырып болғанымен, жастарымыз қол сілтеп, бей-жай қарағанының әсерінен қаржылай сауаттылықтан бейхабар болып бара жатыр. Салдарынан, ақшадан қысылып қарызға батуда. Қаржылай сауаттылық деген не?
Алдымен, осы бір өзекті мәселеге тоқталайық. Қаржылай сауаттылық ақшаны дұрыс жинау арқылы, оны еселеу. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің тапқан табысыңызды оңды-солды жұмсалмауын қамтамасыз етеді.
Қаржылай сауаттылықты меңгеру үшін, осы қарапайым әдеттерді қалыптастырған жөн.
Біріншіден шығыс пен кірісті есептеу. Егер, сіздің қалтаңыздан шығатын шығын, тапқан кірісіңізге қарағанда, артық болса, онда, сіз артық шығынға өз табысыңызды құртасыз. Оны есептеу арқылы шығарған артық шығыннан арыласыз.
Екінші ай сайынғы бюджетті құрып, қорытынды жасау.
Яғни ай сайын құртылатын ақшаны, қайда жұмсайтыныңызды есептеу арқылы, өз бюджетіңізді үнемдейсіз.
Үшіншісі депозит. Әр адамның өзіндік жинақ қоры болы абзал. Тапқан табысыңыздын кем дегенде 10%-ын қорға жинау арқылы, сіз болашақта мүмкін бастан өтер қауіп қатерден өзіңізді сақтай аласыз. Айтқым келгені, тек бүгінгі күнмен емес, ертеңізді де ойлай жүресіз.
Төртіншіден, қажеттілік пен қалауды ажырата білуіңіз керек. Сіз өзіңізге дереу қажет затты міндетті түрде аласыз. Ал, қалап тұрған затыңызды асықпай кейінде ала аласыз. Осы күтудегі үзіліс сізге ол зат шынымен қажет пе әлде ол жай ғана құмарлық па соны түсінуге уақыт береді.
Қаржылай сауаттылық бір күнде меңгеріп, бір күнде байытып жіберетін дүние емес. Тек аз-аздан үздіксіз, өзін өзі тәрбиелеуді қажет етеді.
Қаржылай сауаттылықты бірге үйренейік. Ақшамызды үнемдейік.
Ажар ТУСУПБАЕВА,
№12 Жалпы білім беретін иектептің
11 «ә» сынып оқушысы
