Қаржылық пирамида – қоғамның өзекті мәселесі

Алаяқтық белең алуы елді алаңдатуда. Өйткені, алданған адамда есеп жоқ. Жылда қайталанатын «дәстүрге» айналған Остап Бендердің ізбасарларының ізі көрінеді. Ісі де.  Бірақ, бүгінгі Остаптар қала аралап «гастрольдетіп» әуре болмайды. Қиырда отырып алып, қырдағы халықты ұялы телефон арқылы қан қақсата салады. Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «қаржы пирамидалары халықты зар қақсатуда»,  дейді.

Алдымен бүгінгі қарастырылып отырған тақырыбымызға тоқтап, қаржы пирамидасының түсінігін талқылайық.

Қаржылық пирамида –  ақшаны немесе өзге мүлікті не оған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығын тартудан кірісті қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке тартылған қаражатты пайдаланбай тарту жөніндегі заңсыз қызметті осы активтерді қайта бөлу және басқа адамдардың жарналары есебінен бір қатысушылардың баюы жолымен жүзеге асыратын ұйым.

Қаржы пирамидасының ерекшелігі  тез және оңай ақша табу туралы уәде. Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді.

Заманауи пирамидалардың өмір сүру ұзақтығы ұйымдастыру көлеміне және бағдарламаларға байланысты. Көлемі мен ерекшелігіне байланысты, ол 3 күннен 16 жылға дейін жүзеге асыра алады.

Қазіргі таңда қаржылық пирамида қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына құқық қорғау органдарымен өткен кеңейтілген отырыстарда және Қазақстан халқына жолдауларында Құқықтық тәртіп идеологиясы аясында жұмысты жалғастыруды, қаржылық пирамидалармен күресті күшейтуді, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруды бірнеше рет тапсырған болатын. Осылайша, Қаржы мониторингі агенттігі құрылған сәттен бастап біздің департамент қылмыстық істерді қозғау арқылы 31 қаржылық пирамиданы залалсыздандырды және жойды,   дейді Қарағанды облыстық экономикалық тер­геп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының басшысы Ержан Қалиасқаров.

Істердің көпшілігі, яғни 20-сы сотқа жолданған. Жоғарыда айтылған 31 қаржылық пирамидаға QI TradeKazakhstan, MFO Leader Capital 168 ЖШС, Finiko, BusinessGame, Ne rabota интернет-жобасы, Kotel, Tender, BayLife, MillionerGame77, MillionerGame7777,  TheGreatTower, Rassvet i Millionery, Lux, Ozіmіz gay Aray, Faberlic, Doverie, PC AmanatHome, PC Elim-ai 2019, PC GAP, Tabys, LiveGood, Asarbaspana, SincereSystemsGroup, Tacorp, Fashion Star, Uilibolayik кіреді. Анықталған 100 мың салымшының 5 мыңнан астамы Қарағанды  облысының  тұрғындары.

Осы жылдың алғашқы алты айына қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты 2 үкім шығарылып, олардың біреуіне 7 жылға нақты бас бостандығынан айыру, екіншісіне 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

– Айта кету керек, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар Қарағанды қаласының ғана емес, облысымыздың аудандарының тұрғындары. Республикалық ауқымдағы пирамидалардың бірі біздің облыста тіпті 4 кеңсені ашқан. Оның 2-і Қарағанды қаласында, 1-і Теміртауда және 1-і Балқаш қаласында, –  дейді Ержан Қалиасқаров.

Осы уақытта жүргізілген жедел-іздестіру, оның ішінде профилактикалық іс-шаралармен, атап айтқанда, интернет-кеңістігіне мониторинг жүргізгенде қаржылық пирамида белгілері бар 1312 сілтеме анықталған (оның ішінде: 1097-і бұғатталды, 78-і қабылданбады, 137-сі орындалуда, бұғаттау пайызы 84%). Осылайша, облыстық экономикалық тер­геп-тексеру департаменті азаматтардың қаржылық пирамида белгілері бар 1097 интернет-жобаға тартылуының алдын алды.

Сонымен қатар, экономикалық тер­геп-тексеру департаменті халықтың қаржылық пирамидаларға тартылу фактілерінің алдын алу үшін БАҚ-та мәліметтерді жариялау жұмыстарын да ұйымдастырған.

– Есепті кезеңде республикалық телеарналардың (Хабар 24, КТК, Информбюро) және облыстық телеарналардың (5 арна, 31 арна, Бірінші Қарағанды) жаңалықтар шығарылымдарында қаржылық пирамидаларды құрудың 21 фактісі көрсетілді.

«АдалМедиа» ЖШС-мен (коммуналдық төлемдерге жарнама орналастырумен айналысады) келісім бойынша Қарағанды қаласының коммуналдық төлемдеріне профилактикалық сипаттағы графикалық ақпарат тұрақты орналастырылады.

2023 жылдың қазан айында «Magic Park» ЖШС, «Saryzhaylau Cinema» және «CityMall» сауда ойын-сауық орталығы» ЖШС басшылығымен келісім бойынша фильмдер көрсетілмес бұрын қаржылық пирамидалардың заңсыз қызметі туралы профилактикалық бейнероликтер көрсетіле бастады.

Сонымен қатар, көрсетілген бейнероликтер CityMall сауда ойын-сауық орталығы мен «Сарыжайлау» кинотеатрының алдында орнатылған LED-экрандарда да көрсетіледі, – Ержан Қалиасқаров.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы Мемлекеттік Думаның «Құқықтық тәртіп» идеологиясын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда, нәтижесінде қоғамда құқықтық мәдениет пен құқықтық тәртіпті арттырудың оң үрдісі қазірдің өзінде байқалуда.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы халықты сапалы ақпараттандыру басым бағыттардың бірі екенін айта кеткен жөн.

Осыған байланысты басқармада өткізілген іс-шаралар бойынша материалдар қамтылады.

Жалпы 3637 оқушы қамтылған 66 мектепте қаржылық пирамидалардың алдын алу бойынша дәрістер ұйымдастырылып, жоғары оқу орындарында әртүрлі факультеттердің 2433 студенті қатысқан арнайы жиында да пирамида зардабы тураы сөз қозғалды.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, Агенттік «Байқа пирамида» телеграммалық ботын әзірледі, онда кез келген адам ұйымның деректемелері мен атауын жіберу арқылы ұйымда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексере алады.

– Негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ, 40 қылмыстық іс өндірісте болса, ағымдағы жылы 27 қылмыстық іс тіркеліп, 21 іс немесе 52,5% аяқталса, 19 іс сотқа жолданды, 2 іс өндірісте тоқтатылды.

Аяқталған істердің 14-і ауыр (66,6%), 5-і орташа ауырлықтағы (23%), 5-і ауыр емес. Аяқталған істер бойынша ауыр – 14 (66,6%), орташа – 5 (23%), жеңіл – 2 (9,5%).

Белгіленген шығын көлемі 2,1 миллиард теңгені құраса, оның 614 миллионы ақшалай өтелсе, 1,3 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді. Тәркілеуді есепке алғанда өтелген – 1,9 млрд.теңге немесе 91,7%, – дейді Ержан Қалиасқаров.

Ауадан ақша жасап, халықтың қалтасына түсен Бендер ізбасарларының ізі сайрап жатыр. Айтылып жатса да, өзіміз барып қақпанына түсіп жатқаннан кейін алаяқтар айылын жияр емес. Алданып қалмас үшін «Байқа пирамида» телеграммалық ботына бір көз салып қойсақ та болар…

Ерзат ЕРМАҒАМБЕТ

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *