Ауыл шаруашылығы алға озады

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының стратегиялық салаларының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстанда агроөнеркәсіп өнімін өндірушілерге көршілес елдердің бірде-бірінде жоқ қаржылай қолдау көрсетіліп отыр.
Бұл шаралар фермерлердің өндірістік әлеуетін арттыруға, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға және ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде салада тұрақты өсім қалыптасып, ауылдағы кәсіпкерлікке жаңа серпін берілуде.
Агроөнеркәсіп кешенін жүйелі дамыту – азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.
#АуылШаруашылығы
#Агроөнеркәсіп
#МемлекеттікҚолдау
#ПрезидентСөзі
#Қазақстан