Автокөлік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік

Жол қозғалысы ережелерін бұзу айтарлықтай таралуымен және қоғамдық қауіптіліктің жоғарылауымен сипатталады.

Мас күйдегі адамдардың механикалық көлік құралдарын басқаруы үлкен қауіп төндіреді.

Әдетте жол – көлік оқиғасының салдары, көлік құралының, жер үсті құрылыстарының және тағы басқа зақымдануымен байланысты материалдық залал болып табылады.

Жол қозғалысына қатысушылар «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының ережелерін, талаптарын білуге және сақтауға; жол қозғалысы үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен жол қозғалысының басқа қатысушыларына, олардың көлік құралдарына және өзге де мүлкіне зиян келтірмеуге; жол қозғалысы үшін кедергілер мен қауіптер тудырмауға міндетті.

«Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүргізушіге көлік құралын мас күйінде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясы мен назарын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерінен; жол жүрісінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ауыр немесе шаршаған күйде басқаруға тыйым салынады.

Осындай құқық бұзушылықтармен күресті күшейту үшін Қылмыстық кодекске көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 345-1 бап енгізілді, Қылмыстық кодекстің 345-бабынан (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) айырмашылығы, неғұрлым қатаң жауаптылық көзделген. Сонымен, Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық емес, қылмыс болып табылады, ал кінәлі адам бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығы айырумен жазалануы мүмкін. Ал денсаулыққа ауыр зиян келтірген жағдайда (2-бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан, сондай-ақ 10 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға жазаланады. Жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соғу (3-бөлігі) осыған ұқсас мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айырумен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жауаптылыққа әкеп соғады, және екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса (4-бөлігі) көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге жауаптылық көзделген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігінде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады; 2-бөлігінде, белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; 3-бөлігінде, елгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; 4-бөлігінде,    белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде тұрған адамның көлік құралын басқарғаны үшін, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға бергені немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жібергені үшін ҚР ҚК 346-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қауіп төндіреді.

2024 жылдың кезеңінде Шахтинск қалалық сотына ҚР ҚК 345 және 345-1-баптары бойынша 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс түсті. 1 қылмыстық іс прокурорға қайтарылды және 1 қылмыстық іс қаралуда.

2023 жылдың ұқсас кезеңінде 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс түсті (ҚР ҚК 346-бабы бойынша). Іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Шағымданған, алайда болашақта өзгеріссіз қалдырылды.

Д.К.АЛМЕНОВ,

Шахтинск қалалық соты

судьясы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *