«ҚАЗАҚСТАН – ТУҒАН ЕЛІМ, ҰЛЫ ӨЛКЕМ»

2024 жылдың қазан айында Республика күніне орай «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Жол-көлік факультетінің ТТ-24-1, ТТ-24-1с кураторы Л.М. Кулейменова, Лог-24-2, Лог-24-2с кураторы К.К. Нуржанова, ОП-24-1с кураторы М.Т. Оспангалиева кураторлық топ студенттерімен «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбына викторина өткізді.

Мақсаты:

а) Студенттердің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;

ә) Стунттерді Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету;

б) Студенттерді достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

 

Викторинаның шарты:

«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбына презентация әзірлеу. Презентация тақырыбы негізінде сұрақ-жауап, ойын, миға шабуыл технологиясын қолдана отырып, тапсырмалар мен сұрақтар дайындау.

«Қазақстан», «Отан», «Туған жер» тақырыбына жатқа өлең оқу.

«Нақыл сөздер», «Мақал-мәтелдер» сайысы.

«Қазақстан» тақырыбына викториналық сұрақтар.

 

Сайысқа ЛОГ-24-2, ТТ-24-1, ОП-24-1 тобының студенттері топқа бөлініп, өздері әзірлеген презентацияларын баяндады. Викторина шарттарын толық орындап, сұрақтарға жауап берді. Викторина барысында ең үздік перезентация үш тілде қорғалды. Студенттер М.Жұмабаев «Туған жер», Қ.Аманжолов «Туған жер», М.Мақатаев «Отан» өлеңдерін жатқа оқып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Викторина сайысының қорытындысы бойынша ЛОГ-24-2 тобы – 1 орын, ОП-24-1 тобы – 2 орын, ТТ-24-1 тобы – 3 орынды иеленді.

 

Нұргүл ҚОҢЫРОВА

Әбілқас Сағынов атындағы 

Қарағанды техникалық университеті 

қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы

 

   

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *