2025 жылдың желтоқсанында ЛОГ-25-2 тобының студенті Әділ Жакупов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік – бабалардың ұраны» факультетаралық эссе конкурсына қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
Студенттердің эссе жазу сайысына белсенді қатысуы – олардың шығармашылық қабілетінің, ойлау мәдениетінің және тілдік сауаттылығының арта түскенін көрсетеді. Әрбір қатысушы тақырыпты өзіндік көзқараспен ашып, терең ой, нақты дәлелдер және көркем тіл арқылы өз білімін танытты. Эсселерде студенттердің патриоттық сезімі, зерттеушілік дағдысы, тарихи санасы мен өмірлік ұстанымы айқын көрінді. Бұл – олардың жеке дамуының, өзін-өзі жетілдіруінің және рухани өсуінің маңызды нәтижесі.
Тәуелсіздіктің қадірін ұғыну – әр азаматтың борышы. Өйткені оны бізге ата-бабамыз қанымен, жанымен қорғап қалдырды. Біздің міндет – сол аманатқа адал болу, елдің дамуына үлес қосу, білім мен еңбекті басты құндылық етіп, Қазақстанды бәсекеге қабілетті, өркениетті мемлекеттердің қатарына қосу. Жаһандану заманында ел мүддесін қорғау, ұлттық болмысты сақтау және қоғам бірлігін нығайту – жас ұрпақтың басты міндеттерінің бірі.
Тәуелсіздік – мәңгілік тақырып, әр қазақтың жүрегіндегі от. Оны сақтау – біздің перзенттік парызымыз. «Елдігіміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ» десек, әрқайсымыз өз ісімізбен, білімімізбен, еңбегімізбен туған жердің гүлденуіне үлес қосуымыз керек. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болсын, көк туымыз әрқашан биікте желбірей берсін!
Сайысқа қатысу барысында білім алушылар өзара тәжірибе алмасып, жауапкершілікті сезіне түсті, ал ең үздік жұмыстар студенттердің талпынысы мен әлеуетінің жоғары екендігін дәлелдеді. Мұндай жетістіктер олардың болашақта да өз ойларын еркін жеткізе алатын, сындарлы пікір айта білетін бәсекеге қабілетті тұлға болуына негіз қалайды.
Эссе конкурсына ұсынған жұмыстарда терең ой, жан-жақты талдау, көркем тіл және туған елге деген сүйіспеншілік айқын көрініс тапты. Бұл – білім алушылардың білімге деген құштарлығыңыздың, жауапкершілігіңіздің және шығармашылық әлеуеттеріңіздің жоғары екенін дәлелдейтін маңызды жетістік.
Конкурсқа қатысу арқылы білім алушылар өз таланттарыңызды ғана емес, қоғамға пайдалы, ойлы да өрелі тұлға болуға деген ұмтылыстарын көрсетті.
Қарлығаш НҰРЖАНОВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі
