Қарағандыда үлкен Бұқпа арнасы тазаланып жатыр. Алдағы уақытта саябақ көлін де ретке келтіру жұмыстары жоспарланған.
Үлкен Бұқпа өзенінің арнасы тереңдетіліп, кеңейтіліп, лай, қоқыс пен қопадан тазартылады. Бұл тасқын сулардың кедергісіз өтуі үшін қажет.
Мердігер ұйыммен кездесуге орталық саябаққа депутаттар, қоғам қайраткерлері мен журналистер шақырылып, жоспарлар туралы айтылды.
Қазір Бұқар жырау даңғылы мен Қазақстан көшесі жағынан жерасты коллекторы тазартылуда. Мердігердің айтуынша, су сақиналары 90% бітелген. Оларда тұнба, лай, құм ғана емес, сонымен қатар балласт жиналып қалған. Оның барлығын қолмен тазарту керек. 20-дан астам жұмыскер жұмылдырылған, барлық қажетті техника бар. Содан кейін қираған жабын плиталары ауыстырылып, тексеру люктері орнатылады.
Көлге таза су ағуы үшін саябақта (Чкалов көшесінің жағында, көпірдің жанында) суағар-тазарту құрылыстары (СТҚ) салынады.
– Бұл гравитациялық жүйе болмайды. Біз сорғылар орнатамыз, құбырды коллектордың ішіне салып, судың бір бөлігін аламыз. Ол тазартылып, көлге жіберілетін болады, – деді «Гидро құрылыс» ЖШС учаске бастығы Нұралы Қалиев.
Су құм мен тұнбадан, мұнай өнімдерінен тазартылады. Бактерияларды жоюға арналған ультракүлгін шамдар да орнатылады. Көктемде күніне 12 мың текше метр су СТҚ арқылы өтеді. Жылына көл көлемінің үштен бірі жаңартылуы мүмкін.
Жоба осы жылдың күзінде аяқталады деп жоспарлануда. Осы уақытта жұмысшылар саябақ көлінің қоқыстарын қолмен тазартады.
Манас АҚСАРЫ