Балғындар құндылық әлемінде…

Қарағанды қаласындағы  Қарақат мектеп студиясы күн сайын өнерлі балалардың құндылыққа толы  базарына айналған. Мұнда ең бастысы, Қарақат Әбілдәқызының үйреткен жетіген аспабының  жүрекке жылы тиетін үнімен үндескен бүлдіршіндердің әндері аспанға әуелеп,еріксіз көрген жанды баурап  әкетеді…

Қай есікті ашып қарасаңызда тәжірибелі мамандар алдында өмірдің-өнерге деген самғауына қанаттарын қомдап дайындалып жатқан балғындарды көріп көңіліңіз толады. Сондай-ақ, қазіргі таңда   мектеп студиясының директоры Айжан Балтайқызының басшылығымен қазақтың дәстүрлі әні, домбыра, эстрадалық вокал, әсем би мен актерлік шеберлік және қыл қаламды сөйлетер сурет үйірмелері де қызу жұмыс жасауда.

Тоқталмай кетуге болмас, қазіргі таңдағы әр жанұяның жанын ауыртып тұрған  ерекше мәселе, ұлттық ана тілімізде яғни, қазақ сыныптарында оқитын қазақ балаларының тілдері шұбарланып бара жатқаны баршаңызға аян. Олай болса,осы жағдайды басты мақсатқа ұстана келе ұйымдастырылған, әр қазақтың баласын таза, анық, әдемі сөйлеуге үйрету барысында, «Тілім-ұлттық қазынам» атты бала тілін дамыту үйірмесі жаңадан ашылып іске қосылды. Бұл бастама қазақтың әр қара шаңырағын зор қуанышқа бөлеуде. Бұл үйірменің тағы бір ерекшелігі балалардың жас ерекшелігіне басты назар аудара отырып қарапайымнан-күрделіге принцпін ұстана тәрбиелеу болып отыр.

Дұрыс сәлемдесуден бастау алған балғындар қазақтың ұлттық құндылықтарын алға тарта келе барлық зиялы адамдар өмірімен танысып,білуде. Арасында бұлақ көрсең көзін аш дегендей, ақынжанды талапты оқушылар көзге түсіп поэззия әлеміне де жол тартып жатқан жайы бар…

Қорыта келгенде жүзден жүйрік өнерлі балғындарымыз, Республика көлемінде ғана емес, Қарақат мектеп студиясының атын аспандатып шетелдегі болып жатқан өнер додаларына қатысып, жүлделі орындармен мектебіміздің қоржынын  абыроймен толтыруда…

Ендеше, қазақтың әр баласын ұлтымыздың адами құндылықтарын бағалап өсуіне және де ер жете келе ұлтқа   қызмет жасау мақсатында,  біздің студиямызға келуге  шақырамыз. Өйкені, бізде, қазағымыздың барлық өнеріне толы қызықты думандар мен дүбірлі тойлар әлбетте жеткілікті…

Гүлнәзия Әбілқасымқызы Қызырова,

«Тілім-ұлттық қазынам» үйірмесінің жетекшісі

Қарақат мектеп студиясы