Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасын Айсұлу Ерниязова басқарды.
Айсұлу Ерниязова еңбек жолын 2015 жылы әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі жетекші маманы болып бастаған, содан кейін сол жерде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі комитетті басқарған.
Әр жылдары Алматы халықаралық бизнес университетінің жастар саясаты орталығының басшысы, «Алматы еріктілер лигасы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, Халықаралық білім корпорациясының әлеуметтік даму департаментінің директоры, Jas Otan (Астана) жастар қанаты төрағасының орынбасары болған.
2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі болды.
Осы уақытқа дейін Астанадағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
Өз тілшімізден