Биіктен басталатын табыс жолы

Қазіргі заманда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы көптеген жаңа мамандықтардың пайда болуына жол ашты. Солардың бірі – цифрлық аэрофототүсірілім (аэро съемка) мамандығы. Бұл сала жер бетін әуеден түсіру, деректерді өңдеу және талдау арқылы түрлі салаларда қолданылатын маңызды ақпарат алуға бағытталған.

Цифрлық аэрофототүсірілім мамандары арнайы ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдалана отырып, жоғары сапалы фото және бейнематериалдар түсіреді. Алынған мәліметтер кейін арнайы бағдарламалар арқылы өңделіп, карта жасау, жер бедерін зерттеу, құрылыс нысандарын бақылау және экологиялық мониторинг жүргізу сияқты жұмыстарда қолданылады.

Бұл мамандықтың маңызы өте зор. Мысалы, құрылыс саласында аэрофототүсірілім арқылы нысанның жағдайын бақылауға, жобаның орындалу барысын қадағалауға болады. Ауыл шаруашылығында егістік алқаптарының жағдайын анықтап, өнімділікті арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, төтенше жағдайларда (өрт, су тасқыны) жедел ақпарат жинауда да үлкен рөл атқарады.

Цифрлық аэрофототүсірілім маманы болу үшін бірнеше маңызды дағдылар қажет. Олар: техниканы меңгеру, бағдарламалармен жұмыс істеу, кеңістіктік ойлау, дәлдік пен жауапкершілік. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтау да аса маңызды.

Бұл мамандықтың болашағы зор. Қазіргі таңда әлемде де, Қазақстанда да дрон технологиялары кеңінен қолданылып келеді. Сондықтан цифрлық аэрофототүсірілім саласының мамандарына сұраныс күннен-күнге артып отыр.

Қорытындылай келе, цифрлық аэрофототүсірілім – заманауи, қызықты әрі болашағы бар мамандық. Бұл салада жұмыс істеу – тек технологиямен жұмыс істеу ғана емес, сонымен қатар әлемді жаңа қырынан көру мүмкіндігі.

Уақытыңызды босқа жібермеңіз! Болашағы бар, сұранысқа ие мамандықты таңдаңыз!  Осы перспективалы мамандық бойынша білім алғыңыз келсе, сізді «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ   шақырамын.

Гүлмира САҒАТОВА