Үкіметтің 500-ден астам функциясы министрліктер мен әкімдіктерге беріледі.
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
«Аталған заң жобасымен біз министрлер мен олардың орынбасарларының дербестігін күшейтеміз. Енді барлық ағымдағы салалық мәселелер министрлердің бұйрықтарымен қабылданатын болады», – деді ол.