Бюжеттің төртінші деңгейі

27 наурызда Кеңес төрағасының орынбасары, Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты Алмас Каркенұлы Омарбековтың төрағалығымен «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының Өңірлік даму мәселелері жөніндегі кеңесінің отырысы өтті, оған партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Гүлсім Шабданқызы Қожахметова, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Дулат Кәрімұлы Ашкенов, жеті аудан әкімдерінің орынбасарлары, барлық мәслихат депутаттары партияның аумақтық аудандық филиалдарының қызметкерлері.

Күн тәртібінде кеңестің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы-Қарағанды облысында «бюджеттің 4-ші деңгейі» қаралды. Ұсыныстар ретінде бюджеттің қалыптасуын қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттеріне салықтар мен төлемдердің нақты түрлерін бекіту керек екендігі атап өтілді. Ауылдық округ, кент немесе аудандық маңызы бар қала деңгейінде олардың бюджеттерін қалыптастыру үшін салықтар мен төлемдердің бірнеше түрі көз бола алады. Жеке табыс салығы мен жергілікті бюджеттегі әлеуметтік салықтың бір бөлігі салықтардың пайызын анықтап, оларды әр нақты аймақ үшін бөлудің орта мерзімді тұрақты стандарттарын белгілеуі керек. Проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары ҚР Парламенті Мәжілісіне жіберілсін.

Әділ БЕК