Шет ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы кент 90 жылдығын атап өтті. Мерейтойға арналып 30-дан астам киіз үй тігіліп, концерт пен спорттық жарыстар дайындалды. Тұрғындар ат жарысына қатысып, арқан тартыс пен қазақ күресінде бақ сынасты.
Кенттің мерейтойын мерекелеу «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлерінің өмірі туралы театрландырылған қойылымнан басталды, олардың бірі Шет ауданының тумасы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, жазушы және драматург Сәкен Сейфуллин болды. Биыл жазушының туғанына 130 жыл толады.
«Мерейтойлық даталарға орай кентте 36 киіз үй орнатылды, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, сайыстар ұйымдастырылды. Тұрғындар алдында жергілікті және шақырылған әртістер өнер көрсетті, – дейді кент әкімдігі. – Мерекеге дайындық алдын ала басталды. Оның ішінде кентте абаттандыру бойынша үлкен жұмыс жүріп жатыр».
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 10 көше асфальтталады. Бұғылы және Қазыбек би көшелерінде футбол және ойын алаңдары орнатылуда.
Екі қабатты екі үйдің шатыры, Мәдениет үйі жөнделді.
Мәдениет үйі жанында шағын алаң орнатылды: орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру орнатылды, тротуар жолдары салынды. Кентте жайлы мектеп құрылысы жалғасуда. Онда 300 бала айналысады. Ескі мектеп ғимараты шектен тыс толып кетеді, қазір онда 600-ден астам бала оқиды.
Сәкен Сейфуллинде кенттің 3D символы – «Жарық 90 жыл» және «Сәкен Сейфуллин 130 жыл» деген жазулары бар шағын сәулет нысаны орнатылды.
«Сондай-ақ бізде бірнеше көшедегі жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Болашақта ауылдың барлық көшелерін асфальттап, заманауи балалар алаңдары мен футбол алаңдарын көбейтуді қалаймыз. Ауылда 3 мыңнан астам адам тұрады. Бізде орталық сумен жабдықтау, заманауи дәрігерлік амбулатория, спорт мектебі бар. Абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз», – дейді кент әкімдігі.
Жарыс қорытындысында жүлде алғандыр:
Тай жарыс:
- Орын Ақтанкер иесі: Қазанғапов Айназ Босаға ауылы.
- Орын Қазына иесі: Дәлібаев Дәурен Лугавой.
- Орын Лашын иесі Болат Ханшайым Ақжал кенті.
- Орын Айқасқа иесі Махатов Мәдй. Жарық ст.
- Мақпал иесі Макажанов Арман. Көктінкөл.
Құнан бәйге:
- Орын. Тауасар иесі Қазанғапов Айназ Босаға ауылы.
- Алтын тұяқ иесі Константин Астана қаласы.
- Орын Қызыл жебе иесі Смагулов Нұрсұлтан. Жарық ст.
- Орын Секрет иесі Имаяков Ғалымжан 33 Рзд.
- Самұрық иесі Совет Ерасыл.
Аламан бәйге:
- Орын. Жұмұртұяқ иесі Ақылбай Шаруа қожалығы Жетісу обл.
- Көкшоқай иесі Боран. Қарқаралы.
- Көкжайдақ иесі Қалиақпаров Талғат. Астана қаласы.
- Балатұмар иесі Әлмешов Байдәулет. Жамбыл облысы.
- Мамайторы иесі Мұқанов Қанат. Жаңарқа ауданы. Ескене ауылы.
Аламан бәйге иесіне Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер берілсе, екінші келген Көкшоқай көлік мінді.
Әділ БЕК