Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметтің негізі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайсар Акбаров Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінде профилактикалық кездесу өткізді.

Шараға сондай-ақ, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің  Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру,  сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне тоқталу болды.

Жиын барысында Басқарма басшысы мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына, олардың мінез-құлқы мен кәсіби этикасының маңыздылығына тоқталып, нақты мысалдар келтіре отырып, Әдеп кодексінің негізгі талаптарын түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Әділ БЕК