2024 жылғы 05 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңына, оның ішінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Мәселен, 2025 жылғы 01 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге мамандандырылған дербес кассациялық соттар құру көзделген.
Кассацияда істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды.
Кассациялық соттың судьясы заң мамандығы бойынша кемінде 18 жыл жұмыс өтілі бар немесе судья ретінде кемінде 8 жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде облыстық соттың судьясы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азамат бола алады.
Кассациялық соттар істер мен материалдарды қараудан басқа сот практикасын зерделейтін болады және оны жалпылау қорытындылары бойынша төменгі сот сатыларының сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін қарайтын болады.
Заңның қабылдануымен Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді, ол сот практикасының біркелкілігін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін қамтамасыз етуге бағытталады.
Д.К.АЛМЕНОВ,
Шахтинск қалалық сотының судьясы