Бұл жүйе үміткерлерді таңдау мен конкурс өткізу процесін толығымен онлайн жүргізуге арналған.
Мақсаты — мемлекеттік қызметке кіруді әділ, ашық және ыңғайлы ету.
Жүйенің негізгі ерекшеліктері:
* Онлайн тіркелу: үміткер eqyzmet.gov.kz порталында тіркеліп, бос орындарды қарай алады.
* Құжаттарды автоматты тексеру: білім, тәжірибе, соттылық сияқты мәліметтер басқа мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде алынады.
* Онлайн тестілеу кез келген уақытта онлайн тапсырылады.
* Әділдік пен ашықтық: адами факторды азайтады.
Артықшылықтары:
* Құжаттарды жинау үшін ұзақ кезекте тұрмайсыз.
* Конкурсқа қатысу мүмкіндігі артты, бәсекелестік ашық.
* Автоматтандырылған жүйе арқылы объективті іріктеу жүзеге асады.
Жүйе 2023–2024 жылдары сынақтан өтті, 2025 жылы көптеген мемлекеттік органдарда енгізілді, ал 2026 жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметшілерді іріктеу тек онлайн жүргізіледі.
«E-QYZMET.GOV.KZ» мемлекеттік қызметке кіруді цифрландыру арқылы жеңілдетіп, ашық және әділ жүйе құруға бағытталған.
