Ереже күшейеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсырудың жаңа рәсімін енгізуде. Енді болашақ жүргізушілер екі факторлы аутентификациядан өтуі керек.

Екі факторлы аутентификация – бұл жеке тұлғаны растаудың екі түрлі әдісін қамту тәсілі: біріншісі – SMS арқылы, екіншісі – биометриялық сәйкестендіру.

Тестілеу басталар алдында көрсетілетін қызметті алушыға 1414 нөмірінен дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салу хабарламасы келіп түседі. Айта кетейік, SMS электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркелген телефон нөміріне жіберіледі.

Авторизациядан сәтті өткеннен кейін жүргізушіге үміткер биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек.

Жаңашылдық бүгіннен бастап күшіне енді, бірақ әзірге тек Астанада. Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында жаңа рәсімді енгізуді жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Екі факторлы аутентификация емтихандардағы бұзушылықтардың санын азайтуға көмектесуі керек.

Өмір БАЙБОСЫН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *