5 сәуір күні Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімі 9 жеке атқыштар ротасының жеке құрамы мен «Ішкі әскердің батырлары — қаза тапқан 17 сарбаз» тақырыбында Аршалы кентінің 3 мектебінің оқушылары, Аршалы аудандық кітапханасының қызметкерлері мен сарбаздар құрамымен ерлік сабағы өткізілді.
Шараның басты кейіпкері Тәжік- Ауған соғысының ардагері старшина Лунев Сергей жас өрендерге әскерде өткен күндері, бауырмалдық, ел қорғау жолында қызмет ету қасиетті борыш екендігіне тоқталып, соңында Тәжік-Ауған шекарасында қызметі жайлы сөз қозғады.
Бүгінгі таңда әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жүргізу бастапқы сұрақтардың бірі, осы орайда Отанымыздың батырларын тануға арналған арнайы кездесулер Ұлттық ұлан қатарында қарқынды да сапалы өтіп тұрады. Басты мақсат — елің қорғай алатын, уақыты келген кезде сап түзеп Отан алдындағы борышын орындарға дайын болатындай ұландар дайындау.
Еске сала кетсек, 1995 жылы 7 сәуір күні Тәжі-Ауған шекарасында өздерінің интернационалды борышын, бауырлас елге моджахедтердің заңсыз әрекеттерін болдырмау жолында көмек көрсету барысында Қазақстанстандық жауынгерлер «Пшихавр» шатқалында моджахедтердің шабылуына тап болады. Тең емес ұрыста Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлерінің (қазіргі Ұлттық Ұланның) 17 жауынгері ерлікпен қаза болады.
6505 әскери бөлімі, Қарағанды қаласы.