Ермағанбет Бөлекпаев тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

Қарағанды облысының тұрғындары өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа өз сұрақтарын қойды. Тікелей эфир Saryarqa телеарнасында өтті. Хабар тарату кезінде call-орталық операторлары 70-ке жуық қоңырау мен хабарламаларды қабылдады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін бір сағаттық тікелей эфир жеткіліксіз болды. Бірақ бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды.

Ермағанбет Бөлекпаев Саранның орталық қазандығының жағдайын түсіндірді.

– Жаңа қазандық 13 жыл бойы салынды. Қазір іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Орталық қазандық 102 үйге жылу береді. Қазір жылу көзінде төрт қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр. Қазандықты іске қосу кезінде сорғы жабдықтарымен байланысты техникалық ақаулар болды, – деді облыс әкімі. – Жазда қала әкіміне сақтандыру үшін жергілікті қазандықтарды дайындау тапсырылды. Оның баяндамаларына сүйенсек, қосымша қазандықтар дайын болған. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспады. Салдарынан бұл қазандықтар кейінірек іске қосылды.

Ол Саран қаласында жылу мәселесі жеке бақылауда деп сендірді. Күн сайын облыс әкімінің бірінші орынбасары сол жерде барлығын қадағалап жүр. Келіп түскен шағымдарды жедел шешуге тырысады.

Мәселелердің басым бөлігі коммуналдық және әлеуметтік салаларға, жолдарға, абаттандыруға қатысты болды.

Тұрғындар жеке мәселелерін де ортаға салды. Мысалы, Қарағанды тұрғыны Пришахтинскідегі Искра көшесіндегі үйді су басқанына шағымданды. Оның айтуынша, судың қайдан келетіні белгісіз және жағдай екі айдан бері шешілмеген. Ермағанбет Бөлекпаев тікелей эфирде қала әкіміне шаралар қабылдауды тапсырды: сол жерге барып, мән-жайды анықтауын бұйырды.

Эфирде айтылмаған барлық өтініштер қаралып, жауаптар әкімдіктердің ресми аккаунттарында жарияланады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/875339?lang=kk

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *