«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды»

Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық эссе байқауы өтті. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» тақырыбындағы байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік рухты дарытуды мақсат етті.
Сайысқа Қарағанды қаласындағы білім беру мекемелерінен 22 оқушы қатысты. Олар 29 сәуір күні қиын заманда Отан іргесін қорғап қалған ерлер туралы естеліктері мен ой орамдарын ақ қағазға түсірді. Шығармаларды арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап, Жеңіс күні қарсаңында, яғни 8 мамырда үздіктердің есімін атады. Е.А. Бөкетов университетінде өткен марапаттау салтанатында байқауға белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарға Алғыс хаттар табысталып, жүлделі орынға иелеріне сый-құрмет көрсетілді.
Байқау жеңімпаздары:
I орын — Сержанова Аякөз Нұрланқызы, №17 жалпы білім беретін мектеп, 11-сынып
Жетекшісі — Мәлік Лаура
II орын — Махкамбай Аружан Ерланқызы, Н.Әбдіров атындағы ЖББМ, 10-сынып
Жетекшісі — Мұханбетжанова Айнұр Ақлқарақызы
III орын иегерлері:
• Сакибаева Ажар, №12 ЖББМ, 10-сынып (жетекшісі — Елеусізова Аққу Қанатқызы)
• Қосымова Аяулым Пернебаевна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия, 11-сынып (жетекшісі — Достаева Гүлшат Игликовна)
• Жамбыл Дария, М.Жұмабаев атындағы гимназия, 9-сынып (жетекшісі — Сұраған Орден)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *